Сыр өңірі мен Қырғызстан арасындағы серіктестік Қызылорда облысы үшін жаңа мүмкіндіктер ашуда
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 18 қараша 2025
  • 109

Сыр өңірі мен Қырғызстан арасындағы серіктестік Қызылорда облысы үшін жаңа мүмкіндіктер ашуда

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік технологиялық университетінің өкілдерімен кездесу өтті.
Қонақтарды Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Майнура Бурибаева қабылдады. Делегация құрамында менеджмент кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Еркін Иманқұлова және менеджмент кафедрасының доценті, саяси ғылымдар кандидаты Алтынай Дүйшенәлиева болды.
Кездесу барысында тараптар білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын кеңейту, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру бағыттарын талқылады.

WhatsApp Image 2025-11-18 at 10.23.08.jpeg

Майнура Бурибаева өз сөзінде екі ел арасындағы достық және серіктестік байланыстардың жоғары деңгейде дамып келе жатқанын атап өтті.
«Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 20 жылдан асты. Бұл уақыт ішінде саяси, экономикалық, мәдени және білім салаларында тұрақты байланыстар орнады. Қырғыз Республикасы Қызылорда облысының білім саласындағы маңызды серіктестерінің бірі болып табылады. Бұл әріптестік озық тәжірибе алмасуға, жергілікті мамандардың әлеуетін арттыруға және жаңа бастамаларды іске асыруға жол ашады», – деді проректор.

WhatsApp Image 2025-11-18 at 15.48.01.jpeg

Кездесуде магистратура және докторантура студенттерінің академиялық ұтқырлық бағдарламалары, профессорлық-оқытушылар құрамының алмасуы, сондай-ақ бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру мәселелері жан-жақты қарастырылды.
Өз кезегінде қырғыз делегациясы жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта ортақ білім беру жобаларын іске асыруға мүдделі екенін жеткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара ынтымақтастықты нығайту және жаңа бағыттарда бірлесе жұмыс істеу жөнінде келісімге келді.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...