«Алтын Күз – 2025» байқауы өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 19 қараша 2025
  • 41

«Алтын Күз – 2025» байқауы өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Халықаралық студенттер күніне орай дәстүрлі «Алтын Күз – 2025» байқауы жоғары деңгейде өтті. Жыл сайын күтілетін бұл шара студенттердің шығармашылығын шыңдап, олардың өнер мен эстетикаға деген қызығушылығын арттыруды көздейді.
Байқау төрт кезеңнен тұрды: «Таныстыру», «Өнерің өрге жүзсін» өнер байқауы, «Күз тартуы» және «Бейнероликтер сайысы». Әр кезеңде қатысушылар өздерінің өнерін, тапқырлығын және сахна мәдениетін көрсете білді.

fd8cb48441a19c0fe988780cb39a8438.jpg

d92e34fddb4087e59261774ca05c64e4.jpg

7e85bffdee1009a61197e278f49fabd3.jpg

a6b05142b636c1481b93f02f8c23f6a6.jpg

Тартысты өткен дода қорытындысы бойынша №5 жатақхананың студенттері Сәуіржан Қозайдар мен Нұрбибі Тынысбек үздік шығып, бас жүлдені иеленді. Жеңімпаздар «Университет аруы – 2025» байқауына жолдама және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар, 1-орынды Бақдәулет Мамырбай мен Гүлнұршат Нұрбай, 2-орынды Ақбота Оразхан мен Бақжан Әбділлаев, ал 3-орынды Азамат Құдайбергенов пен Гүлхаят Оңалбекова иеленді.

4ed09a1ccff69e1b673d3069f26d321c.jpg

0b028e1e7615ba343dd09df8dcbe755a.jpg

c0d1f2eb21a17e6417074ace3e503f5d.jpg

04738d76a076a2e17fb7048aa6ff5c7d.jpg

Бұдан бөлек, «Ең сүйкімді жұп», «Ерекше стиль» және «Көрермен көзайымы» сияқты арнайы номинациялар табысталды.
Жалпы байқауға 9 жұп қатысып, өзара достық пен шығармашылық рухта сайысқа түсті.
Бұл шара студенттердің бір-біріне деген қолдауын арттырып, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға зор мүмкіндік берді. Сонымен бірге, жатақханалар арасындағы ынтымақты күшейтіп, университет өмірінің жарқын сәттерін айшықтады.

9641957ee75ae3ba75955c73be37fe9b.jpg

6f3ad6063c19c21453b2f253167f33c0.jpg

82211199559bfc62b6354b1839e912e3.jpg

b8341739064e4758809e6848678532b5.jpg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...