«Аманат» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек университетке іссапармен келді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 19 қараша 2025
  • 45

«Аманат» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек университетке іссапармен келді

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне «Аманат» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек жұмыс сапарымен келді. Іссапар барысында ол университеттің Жасанды интеллект институтының жұмысымен танысты.
Сапар барысында Жасанды интеллект институтының директоры Нұрлан Құлмырзаев институттың ғылыми-зерттеу бағыттары мен халықаралық бағдарламалары жөнінде ақпарат берді. 

WhatsApp Image 2025-11-19 at 17.26.42.jpeg

WhatsApp Image 2025-11-19 at 17.26.42 (1).jpeg

 

WhatsApp Image 2025-11-19 at 17.26.44 (1).jpeg


Бүгінде Жасанды интеллект институты аясында төрт бірлескен (joint degree) және екі қос дипломды (double degree) бағдарлама іске асырылуда. Атап айтқанда, Data Management (Деректерді басқару) және AI Architect (Жасанды интеллект архитекторы) бағыттары бойынша қос дипломды бакалавриат бағдарламалары жүзеге асуда.

WhatsApp Image 2025-11-19 at 17.26.44.jpeg

WhatsApp Image 2025-11-19 at 17.26.43 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-11-19 at 17.26.43.jpeg

WhatsApp Image 2025-11-19 at 17.26.45.jpeg

Бұл бағдарламалардың оқу жоспары Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университетімен (SeoulTech) бірлесіп әзірленген. Бағдарламаның басты ерекшелігі – студенттер алғашқы екі жылды Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде, ал келесі екі жылды Сеул ұлттық университетінде оқиды. Оқу үдерісі толықтай ағылшын тілінде жүргізіліп, студенттерге корей тілін терең меңгеру мүмкіндігі беріледі.Сапар соңында Дәулет Кәрібек университет жұмысына оң бағасын берді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...