Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев жастармен кездесіп, цифрлық трансформацияның маңыздылығына тоқталды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 20 қараша 2025
  • 149

Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев жастармен кездесіп, цифрлық трансформацияның маңыздылығына тоқталды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары және білім алушылары, жас зерттеушілермен кездесті.
Жиынға Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет, университетттің Басқарма Төрағасы – Ректор Бейбіткүл Каримова қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген бағыттар бойынша өңір жастарының пікірін тыңдау және кері байланыс орнату.

WhatsApp Image 2025-11-20 at 18.44.21.jpeg

WhatsApp Image 2025-11-20 at 18.44.35.jpeg

WhatsApp Image 2025-11-20 at 18.42.54.jpeg

Басқосуда Басқарма Төрағасы – Ректор Бейбіткүл Каримова модераторлық жасап, оқу орнында Жолдау аясындағы тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндады.
Сонымен қатар, Мәлік Нұржанұлы жастарға қолдау білдіру Президенттің басты назарында екенін жеткізді. Президент кеңесшісі жастарға озық ойлы ұлтқа айналу үшін білім мен ғылымның қаншалықты маңызды екенін айтты.
Кездесуде ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіріп, онда айқындалған басым міндеттердің өңірлік деңгейде жүзеге асырылу барысына тоқталды.

WhatsApp Image 2025-11-20 at 18.44.01.jpeg

WhatsApp Image 2025-11-20 at 18.43.34.jpeg

WhatsApp Image 2025-11-20 at 18.45.18.jpeg

WhatsApp Image 2025-11-20 at 18.44.59.jpeg


Мәлік Отарбаев өз сөзінде Жолдауда атап өтілгендей, жасанды интеллект, цифрлық трансформация және жаңа технологияларды тиімді қолдану – экономикалық өсім мен халықтың өмір сапасын арттырудың басты тетігі екенін атап өтті, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, білім, медицина және мемлекеттік қызмет көрсету салаларына инновацияларды енгізудің маңыздылығына ерекше назар аударды.
Сонымен қатар, елімізде жастардың тұлғалық дамэжтарын қойып, ой-пікірлерін ортаға салды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...