Университет ұжымы Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Жандос Базартайды жаңа қызметке шығарып салды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 21 қараша 2025
  • 59

Университет ұжымы Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Жандос Базартайды жаңа қызметке шығарып салды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры, іскерлік әкімшіліктендіру докторы Жандос Базартай басқа лауазымға тағайындалуына байланысты университеттегі қызметін аяқтады. Ол «AMANAT» партиясының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы қызметіне сайланды.
 
Жандос Нұртайұлы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде ұзақ жылдар бойы қызмет етіп, оқу ордасының дамуына, рухани және әлеуметтік ортасының қалыптасуына айрықша үлес қосты. Ол университеттің жастар саясатын жүйелі түрде дамытып, студенттердің азаматтық ұстанымын, көшбасшылық қабілеттерін және қоғамдық белсенділігін арттыру бағытында тың бастамаларды жүзеге асырды.
Жас буынның жан-жақты дамуына, тәрбие мен мәдениетті ұштастыруға арналған көптеген жобалар мен іс-шаралардың бастамашысы әрі ұйымдастырушысы болды.

WhatsApp Image 2025-11-21 at 09.12.02.jpeg

WhatsApp Image 2025-11-21 at 09.09.52.jpeg

WhatsApp Image 2025-11-21 at 09.11.34.jpeg

WhatsApp Image 2025-11-21 at 09.10.21.jpeg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіндегі еңбек жолы:
• 2007–2012 жж. – Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ректорының жастар ісі жөніндегі көмекшісі;
• 2015–2016 жж. – Ректордың жастар саясаты жөніндегі кеңесшісі;
• 2016–2020 жж. – Тәрбие жұмыстары және жастар саясаты басқармасының басшысы;
• 2019–2020 жж. – Оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректордың міндетін атқарушы;
• 2020–2021 жж. – Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректордың міндетін атқарушы;
• 2021 жылдан бастап – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры.
 
Жандос Нұртайұлының қажырлы еңбегі мен белсенді қоғамдық қызметі еленіп, ол жылдар бойы мемлекеттік және салалық деңгейдегі бірнеше марапаттар мен алғыс хаттардың иегері атанды.

WhatsApp Image 2025-11-21 at 09.10.33.jpeg

WhatsApp Image 2025-11-21 at 09.10.46.jpeg

WhatsApp Image 2025-11-21 at 09.10.58.jpeg

WhatsApp Image 2025-11-21 at 09.11.47.jpeg
 
Сондай-ақ, шығарып салу барысында Тіл саясатын дамытуға қосқан ерекше үлесі және тілдерді дамыту саласын жетілдіруге белсенді қатысқаны үшін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
 
Университет ұжымы Жандос Нұртайұлын жаңа қызметімен шын жүректен құттықтап, алдағы жұмысына табыс тіледі. Ұжым мүшелері оның жоғары кәсіби біліктілігі мен адами қасиеттерін ерекше атап өтіп, университет қабырғасында атқарған еңбегі үшін алғыстарын білдірді.

WhatsApp Image 2025-11-21 at 09.12.16.jpeg
 
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ұжымы Жандос Нұртайұлына жаңа қызметінде сәттілік, толағай табыстар мен абыройлы еңбек жолының жалғасын тіледі.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...