Қорқыт ата университетінің үздік түлегі студенттерге қонақ дәріс оқыды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 21 қараша 2025
  • 103

Қорқыт ата университетінің үздік түлегі студенттерге қонақ дәріс оқыды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі КММ-нің бас маманы, университет түлегі Серікболсын Маденов студенттерге арналған қонақ дәріс өткізді.
Кездесу барысында ол «Әлеуметтік жұмыстың қоғамдағы рөлі» тақырыбында дәріс оқып, өзінің кәсіби тәжірибесімен, мемлекеттік қызмет саласындағы жауапты міндеттерімен бөлісті. Серікболсын Бекболатұлы студенттерге еңбек нарығындағы әлеуметтік қызметкерлердің маңызын, халықпен жұмыс жасаудың қыр-сырын және әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы өзекті бағыттарды түсіндірді.

WhatsApp Image 2025-11-21 at 11.50.30.jpeg

WhatsApp Image 2025-11-21 at 11.50.31 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-11-21 at 11.50.31.jpeg

WhatsApp Image 2025-11-21 at 11.50.28.jpeg

Іс-шара соңында университеттің Стратегиялық даму және IT жөніндегі проректоры Мұрат Айтимов Серікболсын Маденовты «Үздік түлек» медалімен марапаттады.Айта кетейік, Серікболсын Бекболатұлы – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 2014 жылғы «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасының түлегі. Сондай-ақ, 2016 жылы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған.

WhatsApp Image 2025-11-21 at 11.50.29.jpeg

WhatsApp Image 2025-11-21 at 11.50.28 (1).jpeg

Бұл кездесу студенттерге кәсіби бағдар беріп қана қоймай, әлеуметтік сала мамандарының қоғамдағы маңызды миссиясын терең түсінуге мүмкіндік берді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...