Қорқыт ата университетінің жастары «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 21 қараша 2025
  • 56

Қорқыт ата университетінің жастары «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің белсенді жастары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысып, қаланың тазалығына өз үлестерін қосты.
Акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру. Университет студенттері сенбілікке белсене қатысып, тазалық жұмыстарын жүргізді. 
«Бұл бастама біз үшін тек сенбілік емес, өз ортаңа, өз қалаңа деген құрметтің нақты көрінісі. Табиғатты қорғау, айналаны таза ұстау – әрбір азаматтың борышы» , – дейді қатысушылар.
Қорқыт ата университетінің жастары бұған дейін де экологиялық және әлеуметтік бағыттағы түрлі жобаларға қатысып келеді. Алдағы уақытта да олар игі істердің басы-қасында болып, қоғамға үлгі болуды мақсат етеді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...