Екіжақты ынтымақтастық аясындағы академиялық іссапар
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 21 қараша 2025
  • 89

Екіжақты ынтымақтастық аясындағы академиялық іссапар

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті «Құқықтану» білім беру бағдарламасының  аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Ғанибек Отарбаев Бердах атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінде сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша магистранттар мен докторанттарға дәріс өтуде.

WhatsApp Image 2025-11-21 at 14.53.01 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-11-21 at 14.53.00.jpeg

Іссапар оқыту сапасын арттыру және ғылыми ынтымақтастықты кеңейту мақсатындағы академиялық байланыстарды дамытуға бағытталған. Ғанибек Сырмағанбетұлы тыңдаушыларға заманауи құқық саласындағы өзекті мәселелер, құқықтық саясаттың жаңашыл бағыттары мен ғылыми-тәжірибелік зерттеулер туралы мазмұнды дәрістер өткізуде.

WhatsApp Image 2025-11-21 at 14.53.02.jpeg    WhatsApp Image 2025-11-21 at 14.53.01.jpeg

Айта кетейік, қос жоғары оқу орны арасында халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған екіжақты меморандум бар. Бұл келісім оқытушылар мен білім алушылардың академиялық ұтқырлығын жүзеге асыруға, бірлескен ғылыми жобаларды дамытуға және білім беру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...