«Заң және тәртіп»: облыстық құқықтық олимпиада өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 21 қараша 2025
  • 55

«Заң және тәртіп»: облыстық құқықтық олимпиада өтті

Қызылорда облыстық білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бірлесе отырып «Заң және тәртіп» тақырыбында Құқық негіздері пәнінен облыстық олимпиада ұйымдастырды.
Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, құқық саласына қызығушылығын арттыру, сондай-ақ олардың логикалық ойлау қабілетін, заң нормаларын түсіну және талдау дағдыларын дамыту.

WhatsApp Image 2025-11-21 at 15.32.04.jpeg

WhatsApp Image 2025-11-21 at 15.32.09 (1).jpeg

Олимпиадаға облыстың жалпы білім беру ұйымдарынан жоғары сынып оқушылары қатысып, өздерінің құқық саласындағы білім деңгейін сынады. Қатысушылар Қазақстан Республикасының заңнамасы, құқықтың негізгі салалары, адам құқықтары мен бостандықтары, құқықтық мәдениет және құқықтық жауапкершілік тақырыптары бойынша тапсырмалар орындады.
Шараға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Құқықтану» білім беру бағдарламасының оқытушылары қазылық етті. Олар жасөспірімдердің құқықтық білімге деген қызығушылығын жоғары бағалап, болашақта заң саласына бағыт алатын дарынды жастарды қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

WhatsApp Image 2025-11-21 at 15.32.19.jpeg

WhatsApp Image 2025-11-21 at 15.32.08.jpeg


Олимпиада қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушылар арнайы дипломдар мен сыйлықтармен марапатталды.

Бұл шара құқықтық мәдениетті нығайтуға, мектеп оқушыларының білім деңгейін арттыруға және құқық саласындағы жас мамандардың қалыптасуына бағытталған игі бастамалардың бірі болып отыр.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...