Қорқыт ата университетінің командалары облыстық жайдарман фестивалінде жүлделі орын иеленді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 21 қараша 2025
  • 79

Қорқыт ата университетінің командалары облыстық жайдарман фестивалінде жүлделі орын иеленді

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Стратегиялық даму және IT жөніндегі проректоры Мұрат Айтимов ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қолдауымен, «Қызылорда КВН» филиалының ұйымдастыруымен өткен облыстық жайдарман фестивалінде жүлделі орын иеленген студенттерді қабылдады.

WhatsApp Image 2025-11-21 at 17.11.04 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-11-21 at 17.11.04.jpeg

Фестиваль «Заң және тәртіп» қағидасын насихаттау мақсатында өткізілді. Байқауда университеттің «Матриархат» қыздар командасы І орынға ие болып, 200 000 теңге көлеміндегі қаржылай сыйақымен марапатталды. Ал «Бренд» жігіттер командасы ІІІ орынды иеленіп, 100 000 теңге қаржылай сыйақыға қол жеткізді.

WhatsApp Image 2025-11-21 at 17.11.02.jpeg

WhatsApp Image 2025-11-21 at 17.11.03 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-11-21 at 17.11.07.jpeg

Кездесу барысында Мұрат Айтимов студенттерді жеңістерімен құттықтап, олардың белсенділігі мен шығармашылығын жоғары бағалады. Сондай-ақ жастардың осындай мәдени-шығармашылық жобаларға қатысуы азаматтық жауапкершілікті арттырып, командалық рухты нығайтатынын атап өтті.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...