Әлеуметтік жұмыстың өзекті мәселелері бойынша оқу-тәжірибелік курс өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 21 қараша 2025
  • 76

Әлеуметтік жұмыстың өзекті мәселелері бойынша оқу-тәжірибелік курс өтті

Қызылорда облысы әкімдігі мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті әлеуметтік жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру бойынша ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы  меморандумы аясында Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-нің әлеуметтік жұмыскерлеріне арналған «Әлеуметтік жұмыстың заманауи бағыттары» біліктілікті арттыру курсы өтті.

Негізгі мақсаты – Қызылолрда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

WhatsApp Image 2025-11-21 at 16.28.31.jpeg

WhatsApp Image 2025-11-21 at 16.28.32.jpeg

Курс бағдарламасын «Экономика және басқару» білім беру бағдарламасының аға оқытушылары, экономика ғылымдарының кандидаттары Меруерт Өмірзақова, Алмакүл Әбдімомынова, экономика ғылымдарының магистрі Ұлжан Берікболова жүргізді.

Тыңдаушыларға бірқатар маңызды бағыттарды қамтитын дәрістер ұсынылды. Атап айтқанда, «Әлеуметтік жұмыс және қазіргі мәселелер», «Әлеуметтік қызметтегі стандарттар мен мониторинг», «Әлеуметтік жұмыстағы кейс-менеджмент», «Әлеуметтік жұмыстағы жасанды интеллект», «Әлеуметтік жұмыстың этикалық негіздері», сондай-ақ отбасымен, қарттармен әлеуметтік жұмыс, тұрмыстық және отбасылық зорлық-зомбылықпен жұмыс, әлеуметтік жұмыстағы HR-менеджмент, және әлеуметтік жұмыстың әдістері мен технологиялары жөніндегі тақырыптар қамтылды.

WhatsApp Image 2025-11-21 at 16.29.29.jpeg

WhatsApp Image 2025-11-21 at 16.30.12.jpeg

WhatsApp Image 2025-11-21 at 16.30.13.jpeg

Дәріс тыңдаушылардың кәсіби құзыреттерін кеңейтуге, заманауи әлеуметтік жұмыс тәжірибесін терең түсінуге және практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталды. Сонымен қатар, тыңдаушылар «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасының білім алушыларымен кездесіп, тәжірибелерімен бөлісті.

Сондай-ақ, практикалық сабақтар «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының атқарушы хатшысы, облыстық мәслихат депутаты Гүлшат Мұсаева мен  Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен Оңалту орталығында жалғасты.

WhatsApp Image 2025-11-21 at 16.30.48.jpeg

WhatsApp Image 2025-11-21 at 16.32.24 (1).jpeg

Оңалту орталығының басшысы Манат Тлеуова және әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман Ғалия Маханбетова орталық жұмысымен толыққанды таныстырды. Қуаттылығы 150 орынға арналған орталықта бүгінде 140-қа жуық І–ІІ топтағы мүгедектігі бар азаматтарға және өздігінен қызмет көрсете алмайтын егде жастағы адамдарға күндізгі жартылай стационар форматында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.

Курстың келесі дәрісі университет жанындағы Психологиялық қолдау орталығында өтті. Дәрісті «Педагогика, психология және бастауыш оқыту әдістемесі» білім беру бағдарламасының академиялық доценті, магистр, аға оқытушы Сандігул Дарібаева жүргізді. Тыңдаушылар орталық жұмысы, ұсынылатын психологиялық қолдау түрлері туралы жан-жақты ақпарат алып, қажетті материалдармен қамтамасыз етілді.

WhatsApp Image 2025-11-21 at 16.33.35.jpeg

WhatsApp Image 2025-11-21 at 16.33.34 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-11-21 at 16.35.05.jpeg

WhatsApp Image 2025-11-21 at 16.35.05 (1).jpeg

Тәжірбиелік курс соңында Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығының басшысы Нұрхан Әбдіхалықов тыңдаушыларға сертификаттар табыс етті.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...