- Университет
- Басқарма
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Ғылыми кеңес
- Басқарма Төрағасы-Ректордың көмекшісі
- Ректордың қоғамдық жұмыс жөніндегі кеңесшісі
- Әкімшілік - құқықтық мәселелер бойынша ректордың кеңесшісі
- Ректордың жастар ісі жөніндегі кеңесшісі
- Адами ресурстарды басқару басқармасы
- Құжаттармен қамтамасыз ету және архив бөлімі
- Экономика және қаржы департаменті
- Шаруашылық жұмыстар жөніндегі департамент
- Киберқауіпсіздік офицері
- АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ-ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Ғылым департаменті
- Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімі
- Коммерцияландыру бөлімі
- «Aрхеология және этнография» ғылыми орталығы
- «Қорқыттану» ғылыми орталығы
- «Шоқайтану» ғылыми орталығы
- «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы
- Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығы
- Ботаникалық бақ және жылыжай шаруашылығы
- Бас редактор
- Халықаралық байланыстар бөлімі
- Ғылыми кітапхана
- Ғылым департаменті
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары басқармасы
- Рекрутинг және мансап бөлімі
- Жұмыс берушілер кеңесі
- 2024-2025 оқу жылына арналған магистратура бойынша кәсіби бағдар беру жол картасы
- Шетелдік студенттер санын көбейту мақсатында атқарылатын жұмыстар бойынша 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
- Жасанды интеллект институтының кәсіби бағдар беру жұмыстары бойынша 2024-2025 оқу жылына жылдық жұмыс жоспары
- Түйіндеменің үлгісі
- «Upgrade» алаңы
- Mедиа орталығы
- Психологиялық қолдау орталығы
- Медициналық орталық
- «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы
- Cтуденттер сарайы
- Мұражай
- «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені
- Студенттік омбудсмен
- Ардагерлер кеңесі
- «Кorkyt ata endowment» корпоративтік қоры
- Түлектер қауымдастығы
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ IT ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Университет миссиясы
- Даму бағдарламасы
- Корпоративтік басқару
- Директорлар кеңесі
- Корпоративтік хатшы
- Корпоративтік оқиғалар
- Корпоративтік құжаттар
- Корпоративтік оқиғалар күнтізбесі
- Директорлар кеңесінің отырыстары
- Директорлар кеңесінің комитеттері
- Директорлар кеңесінің қызметі туралы есеп
- Қоғамның жылдық есеп
- Басқарма
- Басқарма отырыстары
- Ішкі аудит қызметі
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызмет
- Жалғыз акционердің шешімдері
- Жылдық қаржылық есептілік
- Аккредиттеу
- Рейтингтердегі позициялар
- Ішкі құжаттар тізілімі
- Түлектерге
- Құрылымы
- Ректор блогы
- Материалдық-техникалық база
- Кадрлық резерв
- Cапаны қамтамасыз ету саласындағы саясаты
- Тәуекелдердің жиынтық картасы
- Басқарма
- Білім беру
- Ғылым
- Студентке
- Халықаралық байланыс
- Медиа
- ТДМ
- Тұрақты даму саласындағы саясаты
- Тұрақты даму мақсаттары саласындағы саясатын іске асыру жөніндегі іс-шаралар
- «Білім беру және зерттеу арқылы Тұрақты даму мақсаттарын ілгерілету» атты дөңгелек үстел
- Қорқыт ата университетінде жасыл экономика мен құрылыс саласын дамытуға арналған дөңгелек үстел өтті
- Университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлеріне арналған семинар өтті
- Барлық мүдделі топтар үшін 2025 жылғы Ерікті ұлттық шолуды талқылауға арналған семинар
- Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде экоклуб құрылды
- Тұрақты даму саласындағы саясатын жүзеге асыру тетігі
- Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі маман
- Ғылыми жобалар
- Арал өңірі экожүйелерін зерттеу халықаралық орталығы
- Тұрақтылық бойынша білім беру бағдарламалары
- Тұрақты даму жөніндегі уәкілеттілер
- Инклюзивті білім беру орталығы
- Тұрақты мемлекеттік сатып алу саясаты
- Күн электр станциясы
- Инклюзивті Инфрақұрылым схемасы
- Тұрақты даму саясатын жүзеге асыру бойынша 2024-2025 оқу жылындағы есебі
Қорқыт ата университеті QS Eurasia Forum 2025 халықаралық форумына қатысты
25–26 қараша күндері Өзбекстанның Ташкент қаласында жоғары білім саласындағы маңызды халықаралық іс-шара — QS Eurasia Forum 2025 өтті. Биылғы форум «Broadening horizons: Building global bridges in higher education» тақырыбымен ұйымдастырылып, аймақ университеттерінің өзара байланысын нығайту мен халықаралық білім кеңістігіндегі серіктестікті арттыруды мақсат етті.
Форумға Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің жоғары оқу орындары, аймақтық және халықаралық сарапшылар, сондай-ақ жоғары білім саласындағы беделді тұлғалар қатысты. Ауқымды іс-шараның қатысушылары қатарында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Әзірбайжан Республикасының Ғылым және білім министрі Эмин Амруллаев, Түркия Жоғары білім кеңесінің төрағасы профессор Эрол Озвар, сондай-ақ QS Quacquarelli Symonds компаниясының президенті және басқарма төрағасы Нунцио Куакуарелли болды.

.jpeg)
Форум барысында жоғары білім беру саласының өзекті мәселелері, аймақтық даму бағыттары, заманауи трендтер мен сын-қатерлер кеңінен талқыланды. Негізгі спикер ретінде сөз сөйлеген ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Еуразияның жаһандық білім беру экожүйесіндегі рөліне тоқталды. Ол академиялық ұтқырлықты арттырудың, трансұлттық білім беру бағдарламаларын дамытудың және кадр даярлауда инновацияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, министр жоғары білімнің өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тигізетін оң әсерін және халықаралық серіктестікті кеңейтудің өзектілігін айтты.
Форум жұмысына Қазақстаннан 15 жоғары оқу орны қатысып, өздерінің білім беру бағдарламалары мен ғылыми бастамаларын, халықаралық ынтымақтастықтағы тәжірибелерін таныстырды.

.jpeg)

Іс-шара аясында жоғары білім саласындағы маңызды бағыттарды қамтыған бес негізгі пленарлық сессия өтті. Онда QS Stars жүйесінің мүмкіндіктері, әйелдердің жоғары білім кеңістігін қалыптастырудағы рөлі, университеттердің жаһандық өзара әрекеттесу стратегиялары, QS әлемдік рейтингтеріне дайындық тәсілдері және халықаралық студенттік ағымдардың жаңа үрдістері талқыланды.
Форумда Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне “QS Stars” сертификаты табысталды. Бұл — университеттің халықаралық деңгейдегі жетістіктерінің және сапалы білім берудегі нәтижелі еңбегінің айғағы.
Айта кету керек, Қорқыт ата университеті “QS Asia University Rankings 2026” нәтижесінде 593-орынды иеленді.
QS Eurasia Forum 2025 — Қорқыт ата университеті үшін халықаралық білім беру кеңістігіндегі беделін арттырып, жаңа серіктестік бағыттарын айқындаған маңызды алаң болды.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: media_korkyt@mail.ru
Қолжетімді қызметтер
PLATONUS
platonus.kz
E-univer
https://e-univer.korkyt.kz/
AI-Sana бағдарламасы
толығырақ...
МООK
МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)
МегаПРО электронды кітапхана
library.korkyt.kz
Erasmus
erasmus
Сабақ кестесі
толығырақ...
Ғылыми кітапхана
толығырақ...