«Адал азамат – Әділетті Қазақстан» тақырыбында дәріс өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 26 қараша 2025
  • 101

«Адал азамат – Әділетті Қазақстан» тақырыбында дәріс өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Экономика және құқық» институтында «Аманат» партиясының Қызылорда қалалық филиалының Атқарушы хатшысы, облыстық мәслихат депутаты Гүлшат Мусаеваның қатысуымен «Әлеуметтік жұмыс» және «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған «Адал азамат – Әділетті Қазақстан» тақырыбында дәріс өткізілді.
Дәріс барысында әділетті қоғам құрудың маңызы, адал азаматтың қоғамдық дамуға ықпалы, ұлы тұлғалардың өнегелі пікірлері жайлы мәліметтер берілді. Сонымен қатар Президент Жолдауында атап көрсетілген негізгі бағыттар — әділетті Қазақстан қалыптастыру, тең мүмкіндіктер жасау, ашық қоғам құру, азаматтардың өмір сапасын арттыру мәселелері талқыланды. Адал азаматты тәрбиелеуде отбасының, мектеп пен жоғары оқу орындарының, қоғамдық ортаның және жеке дамудың рөліне назар аударылды.

WhatsApp Image 2025-11-26 at 14.56.46.jpeg     WhatsApp Image 2025-11-26 at 14.56.46 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-11-26 at 14.56.45.jpeg

Шарада Әбу Насыр Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» еңбегіндегі адамзаттың өзара көмекке негізделген қоғам құру туралы тұжырымдары мысалға келтіріліп, оның әділетті мемлекет жайлы ойлары қазіргі реформалардың идеясымен үндес екені атап өтілді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан – әділетті Қазақстан» қағидатының маңызы да сөз болды.
Студенттер дәріс мазмұны бойынша белсенді пікір алмасып, өз көзқарастарын ортаға салды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...