Басқарма төрағасы-Ректор Бейбіткүл Каримованың 1-курс студенттерімен кездесуі басталды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 27 қараша 2025
  • 91

Басқарма төрағасы-Ректор Бейбіткүл Каримованың 1-курс студенттерімен кездесуі басталды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы-Ректор Бейбіткүл Каримова Экономика және құқық институтының 1-курс студенттерімен кездесті.

Жиын барысында білім ордасының басшысы 90 жылға жуық тарихы бар оқу орнының қалыптасу кезеңі мен толымды жетістіктеріне тоқталып, стратегиялық даму бағыттары мен алдағы жоспарлары жөнінде шолу жасады. Сонымен қатар, студенттерге білім алу кезеңінде қолжетімді академиялық және шығармашылық мүмкіндіктер, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу жолдары, сондай-ақ халықаралық бағдарламалар мен жобалар туралы жан-жақты ақпарат берілді.

IMGL8587.jpg

IMGL8606.jpg

IMGL8612.jpg

Басқосудың негізгі мақсаты – қоғамның қозғаушы күші саналатын жастарға университеттің миссиясы, оқу үдерісі және мүмкіндіктері жөнінде толық ақпарат беру, сонымен қатар олардың жаңа ортаға тез бейімделуіне қолдау көрсету.

Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырған сауалдарын қоюға мүмкіндік алды. Білім алушылар әсіресе медициналық бекет пен оқу ғимараттарының жаңғыртылуы және ғылыми жобаларды қолдау тетіктері жөнінде сұрақтар қойды. 20 шақты студенттің сауалын зейін қоя тыңдаған Бейбіткүл Сәрсемханқызы барлығына жан-жақты әрі тұщымды жауап берді. 

Жалпы Ректордың 1-курс студенттерімен кездесуі - жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін және жастар асыға күтетін шара. Бұл үрдіс – жас толқын өкілдерінің университет басшылығымен тікелей байланыс орнатып, өз пікірлерін ашық жеткізуіне мүмкіндік береді.

IMGL8634.jpg

IMGL8654.jpg

IMGL8689.jpg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...