ПАРЫЗҒА АДАЛДЫҚ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 27 қараша 2025
  • 90

ПАРЫЗҒА АДАЛДЫҚ

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ғалым-публицист Қали Омаров қаламынан туындаған «Парызға адалдық» кітабының тұсауы кесілді. Қалың оқырманға жол тартқан жинақта Қазақстан Жазушылар одағы және Журналистер одағының мүшесі, тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының мүшесі Қали Әбдіұлының ғылыми зерттеулері, танымдық мақалалары мен публицистикалық жазбалары топтастырылған. Сонымен қатар ұлттық құндылықтар - тіл, діл, тарих, патриотизм мәселелері кеңінен қамтылып, тұлғатану мен қазақ тарихына қатысты мазмұнды деректер ұсынылған. Мұқабасы алыстан менмұндалап шақыратын кітаптың мазмұнына қаламы қуатты қаламгердің әріптестері мен рухани серіктерінің Қалекең жайлы жазған жүрекжарды лебіздері де еніп отыр. 

WhatsApp Image 2025-11-27 at 18.25.57 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-11-27 at 18.25.58.jpeg

WhatsApp Image 2025-11-27 at 18.25.58 (2).jpeg

WhatsApp Image 2025-11-27 at 18.25.58 (1).jpeg

Шарада университеттің Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнура Бөрібаева, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, техника ғылымдарының докторы Серікбай Қошқаров, филология ғылымдарының кандидаты Ұлжан Жанбершиева, профессор, филология ғылымдарының кандидаты Ғабит Тұяқбаев туынды жайлы тебіреністерімен бөлісіп, ізгі тілектерін білдірді.

WhatsApp Image 2025-11-27 at 18.25.59.jpeg

WhatsApp Image 2025-11-27 at 18.25.57.jpeg

WhatsApp Image 2025-11-27 at 18.25.59 (1).jpeg

Танымдық кешке жиналғандар «Ұлт руханиятының жанашыры» атты кітап көрмесімен де танысып, естелік суретке түсті.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...