Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті инфрақұрылымдық шешімдер басқармасы жүйелік әкімшісінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 25 қараша 2025
  • 166

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті инфрақұрылымдық шешімдер басқармасы жүйелік әкімшісінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1) конкурсқа қатысу үшін өтініш; 
2) конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
3) конкурсқа қатысушының 3х4 түрлі түсті сүреті бар қызметтік тізбесі;
4) білім туралы құжат көшірмесімен бірге, салыстыру үшін түпнұсқасы беріледі;
5) жұмыс орны бойынша (қазіргі немесе бұрынғы) кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 
6) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);
7) № 075/у нысанындағы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылы 4 қарашада № 21579 тіркелген);
8) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

Жоғарыда көрсетілген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат, сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.
Жүйелік әкімші білуі тиіс: Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды және шектеулі қолжетімділігі бар өзге де ақпаратты қорғау қызметін реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, ақпараттық қауіпсіздіктің техникалық қорғалуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды, қорғауға жататын ақпараттандыру объектілерін, ұйымның және оның бөлімшелерінің қызметтерінің бағыттарын және мамандануын, қолданылатын ақпараттық технологиялар мен жүйелерді, басқару құрылымын, байланыс, автоматтандыру құралдарын, техникалық барлау құралдарын және олардың мүмкіндіктерін бағалау әдістерін, ақпарат қауіпсіздігіне төнетін қауіптер мен бұзушылықтардың жіктемесін (категорияларын), ақпараттандыру объектілерінің негізгі және қосалқы техникалық құралдармен және техникалық ақпаратты қорғау кешендерімен, жүйелерімен жабдықталуын, автоматтандырылған басқару жүйелерінің қауіпсіздік сервисін және тетіктерін, қол жеткізуді шектеу қосалқы жүйелерін, шабуылдарды анықтау қосалқы жүйелерін, әдейі жасалған ықпалдардан қорғау қосалқы жүйелерін, ақпараттың тұтастығын бақылау әдістерін, олардың даму және жаңғырту перспективаларын, қауіпсіздік жүйелерінің жай-күйін бағалау әдістерін, ақпараттың сыртқа шығып кету арналары мен тәсілдерін анықтауды, есептік және ақпараттық ресурстарды резервтеу және қайталауды бақылауды, ақпаратты қорғаудың техникалық, бағдарламалық, бағдарламалық-аппараттық құралдарымен, сондай-ақ автоматтандырылған басқару жүйелерінің қауіпсіздік сервистері және аудит тетіктерімен жұмыс істеу тәртібін, қажетті практикалық дағдылар мен білімді, IT саласындағы мемлекеттік стандарттарды, серверлік жабдықтарға қатысты технологияларды білуі, техникалық талаптар мен спецификациялар бойынша құжаттама дайындау тәжірибесін, ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі талаптарын, виртуализация жүйелерін әкімшілендіру тәжірибесін, домендік инфрақұрылымды әкімшілендіру тәжірибесін, түрлі өндірушілердің деректерді сақтау жүйелерін әкімшілендіру тәжірибесін, ақпаратты резервтік көшіру жүйелерін әкімшілендіру тәжірибесін; әртүрлі операциялық жүйелерді (Linux, Windows) және сервистерді (AD, DNS, DHCP, пошта жүйелері, Proxy, Firewall) әкімшілендіру бойынша білім мен тәжірибені, информатизация саласындағы заңнаманы, серверлік жабдықтар және жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын, осы саладағы сертификаттардың болуы құпталады, экономиканың негіздерін, еңбек және басқаруды ұйымдастыруды, еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртіп ережелерін, өндірістік санитарияны, өрт қауіпсіздігі талаптарын білуі тиіс.

Жүйелік әкімшінің біліктілік талаптары:  Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе толық аяқталмаған жоғары) білім, кемінде 1 жыл жұмыс өтілі немесе тиісті мамандық (квалификация) бойынша орта техникалық және кәсіптік (арнайы орта, орта кәсіптік) білім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 04.12.2025ж. сағат 17:00-ге дейін. Байқаудың өтетін күні мен орны кейінірек хабарланады.

Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады: 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 29А, бас әкімшілік ғимарат, 302 кабинет; e-mail: ksu@korkyt.kz

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...