Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті инфрақұрылымдық шешімдер басқармасы аға маманының бос лауазымына (уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытына) орналасуға конкурс жариялайды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 25 қараша 2025
  • 200

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті инфрақұрылымдық шешімдер басқармасы аға маманының бос лауазымына (уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытына) орналасуға конкурс жариялайды

Конкурсқа қатысу үшін келесі  құжаттарды тапсыру қажет:
1) конкурсқа қатысу үшін өтініш; 
2) конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
3) конкурсқа қатысушының 3х4 түрлі түсті сүреті бар қызметтік тізбесі;
4) білім туралы құжат көшірмесімен бірге, салыстыру үшін түпнұсқасы беріледі;
5) жұмыс орны бойынша (қазіргі немесе бұрынғы) кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 
6) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);
7) № 075/у нысанындағы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылы 4 қарашада № 21579 тіркелген);
8) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

Жоғарыда көрсетілген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат, сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Аға маман білуі тиіс: Жабдықтың жөндеу қызметін ұйымдастыру; жабдықты техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарының жоспарлары мен кестелерін әзірлеу тәртібі; жабдыққа, қосалқы бөлшектерге, аспаптарға, материалдарға және сатып алынатын толықтырғыш бұйымдарға өтінімдерді рәсімдеу тәртібі; экономиканың негіздері, еңбек пен өндірісті ұйымдастыру; еңбек қауіпсіздігі ережелері мен нормалары; шарттарды жасасу және орындау тәртібі; іс жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі басшылық материалдар.

Аға маманның біліктілік талаптары:  Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе аяқталмаған жоғары) білім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 04.12.2025ж. сағат 17:00-ге дейін. Байқаудың өтетін күні мен орны кейінірек хабарланады.

Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады: 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 29А, бас әкімшілік ғимарат, 302 кабинет; e-mail: ksu@korkyt.kz

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...