Университет ғалымы Қарақалпақстанда өткен халықаралық конференцияға қатысты
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 03 желтоқсан 2025
  • 164

Университет ғалымы Қарақалпақстанда өткен халықаралық конференцияға қатысты

Өзбекстан Республикасының Нүкіс қаласында Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен өткен «Қазіргі қарақалпақ филологиясының маңызды мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің атынан философия докторы (PhD), Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика білім беру бағдарламасының жетекшісі Серікхан Жүзеев қатысты.

WhatsApp Image 2025-12-03 at 15.19.55.jpeg

WhatsApp Image 2025-12-03 at 15.19.54.jpeg    WhatsApp Image 2025-12-03 at 15.19.53.jpeg

Қарақалпақ тілі мен әдебиеті мамандығының 90 жылдық мерейтойына арналған бұл халықаралық шараға Орталық Азия елдері мен шетелдік беделді жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары, тілтану және әдебиеттану саласының мамандары жиналып, аймақтық тіл ғылымының өзекті мәселелерін талқылады. Конференция барысында филология ғылымдарының қазіргі даму бағыттары, түркологиядағы жаңа ғылыми әдіснамалар, әдеби мұраларды заманауи тұрғыдан зерделеу, тіл мен мәдениеттің жаһандану үдерістеріндегі орны сияқты маңызды ғылыми тақырыптар бойынша мазмұнды баяндамалар ұсынылды.

WhatsApp Image 2025-12-03 at 15.19.54 (1).jpeg

Серікхан Әлханұлы ғылыми конференция барысында мазмұнды баяндама жасап, әртүрлі елдердің ғалымдарымен тәжірибе алмасып, зерттеулер бағытында университетаралық әріптестікті кеңейтуге бағытталған тығыз ғылыми байланыстар орнату мәселелерін көтерді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...