Бейбіткүл Каримоваға Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 05 желтоқсан 2025
  • 45

Бейбіткүл Каримоваға Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталды

Облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбеттың төрағалығымен өткен кадрлық өзгерістерге байланысты жиында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Каримова Бейбіткүл Сәрсемханқызын жаңа қызметке құрметпен шығарып салды.

IMGL03798.jpg

IMGL0389.jpg

Мейрамбек Зинабдинұлы Бейбіткүл Сәрсемханқызының бастамасымен өңірдің басты білім беру ордасында ауқымды жұмыстар атқарылғаны, ғылыми жобалар қолдау тауып, жас ғалымдардың зерттеу жұмыстарын жүргізуге барынша қолайлы жағдай жасалғанын атап өтті.

«Бейбіткүл Сәрсемханқызы, жауапкершілік жүгі ауыр қызметтік міндетін атқаруда өзін іскер, ұйымдастырушылық қабілеті зор басшы ретінде көрсетті. Аймаққа қажетті мамандар даярлау, студенттердің оқу процесін ұтымды ұйымдастыру және оқу ғимараттарын жаңалауда жүйелі жұмыс жүргізе білді. Қорқыт ата университеті республика көлемінде үздік ЖОО қатарынан көрініп, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді», – деді Мейрамбек Зинабдинұлы. 
Білім беру саласында атқарған нәтижелі қызметі мен елеулі еңбегі үшін Бейбіткүл Сәрсемханқызына Қызылорда облысының ең жоғарғы марапаты - Құрмет грамотасы табысталды.

IMGL0423.jpg

IMGL0476.jpg

IMGL0503.jpg

Жиында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, еңбек ардагері Сәпен Аңсатов, технология ғылымдарының докторы, профессор Серікбай Қошқаров, философия ғылымдарының докторы Баймырза Қожамберлиев өз құттықтауларын жеткізіп, сәттілік тіледі.

IMGL0469.jpg

IMGL0510.jpg

Өз кезегінде Бейбіткүл Сәрсемханқызы 6 жыл бедерінде қолдау білдірген барша сырбойылықтарға ризашылығын жеткізді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...