Студенттеріміз халықаралық криминалистика байқауында үздіктер қатарынан көрінді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 08 желтоқсан 2025
  • 188

Студенттеріміз халықаралық криминалистика байқауында үздіктер қатарынан көрінді

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 4 курс білім алушылары Алматы қаласында өткен ЖОО студенттері мен магистранттары арасындағы «КРИМЭКС – 2025», «Криминалистика және сот сараптамасының үздік білгірлері» атты жыл сайынғы 12-халықаралық байқауға қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.

WhatsApp Image 2025-12-08 at 09.15.29.jpeg

WhatsApp Image 2025-12-08 at 09.15.30.jpeg

Байқау Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультеті, Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының ұйымдастыруымен өткізіліп, қатысушылардың кәсіби дайындық деңгейін, криминалистика саласындағы білімі мен практикалық дағдыларын бағалауға бағытталды.
Білімгерлеріміз жоғары дайындықтарының арқасында қазылар алқасының оң бағасын алып, жүлделі II орынды иеленді. Команданың жоғары кәсіби шеберлігі мен белсенділігін қалың көрермен де ерекше бағалады. Онлайн дауыс беру нәтижесінде олар ең көп қолдауға ие болып, «Көрермен көзайымы» номинациясымен марапатталды. Команда жетекшісі «Құқықтану» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Алия Мүйденова.

WhatsApp Image 2025-12-08 at 09.15.30 (2).jpeg

WhatsApp Image 2025-12-08 at 09.15.301.jpeg

Бұл жетістік – студенттеріміздің білімге деген құштарлығының, табандылығының және жетекші оқытушының жүйелі еңбегінің нәтижесі. Сонымен қатар, білім алушылардың кәсіби бағдарын тереңдетуге, тәжірибелік дағдыларын дамытуға бағытталған оқу үдерісінің тиімділігін дәлелдейді.
Студенттерімізді және жетекшісін лайықты жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруына тілектестік білдіреміз!


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...