Тағайындау
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 05 қыркүйек 2022
  • 2656

Тағайындау

Бөрібаева Майнура Әбілтайқызы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің проректоры болып тағайындалды.

Жаңа проректорды жоғары оқу орны ұжымына Басқарма Төрағасы - Ректор Бейбіткүл Кәрімова таныстырды. Ол университетте ғылыми жұмыс және халықаралық байланыс жөніндегі мәселелермен айналысатын болады.

Майнура Әбілтайқызы, филология ғылымдарының кандидаты, "Болашақ" бағдарламасы аясында ғылыми-педагогикалық тағылымдамадан өткен, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сарапшылық кеңесінің  мүшесі. Сондай-ақ, гуманитарлық ғылымдар бойынша үздік ғылыми еңбегі үшін Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты атанған. Ол әр жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жұмыс істеген.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...