Сарқынды суды тиімді пайдалану жолдары
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 08 желтоқсан 2025
  • 126

Сарқынды суды тиімді пайдалану жолдары

№BR21882415 «Қызылорда облысында су тапшылығы жағдайында мал азықтық дақылдары мен ағаш екпелерін суару үшін сарқынды суларды қауіпсіз утилизациялау технологиясын әзірлеу» бағдарламалық нысаналы қаржыландыру жобасы аясында Серікбай Өмірзақов, Жанұзақ Байманов, Қанағат Бегалиев, Гүлнар Далдабаева және Азамат Мүсреп Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласына іс-сапарға барды.

a40966d0-8535-4e46-8b59-d33761f9f38f.jfif

360e26fe-e621-443d-b454-4d76b5ff15f0.jfif

a0352ac1-f1af-437f-8b90-52ab95aa8ab1.jfif

Іс-сапардың негізгі мақсаты – су тапшылығы жағдайында тиімді суару әдістерін, сарқынды суларды қайта өңдеу және ауыл шаруашылығы дақылдарына қауіпсіз қолдану технологияларын зерттеу, сондай-ақ Орта Азия елдері тәжірибесін зерделеу арқылы жобаның ғылыми негізін жетілдіру.

Кездесу барысында тараптар су ресурстарын үнемдеу, тамшылатып суару технологиялары, сарқынды суды тазарту әдістері және оның ауыл шаруашылығында қолданылу қауіпсіздігі жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар Өзбекстанда суармалы жерлерді басқару тәжірибесі, ирригациялық жүйелерді оңтайландыру тәсілдері және ғылыми-инновациялық жобаларды іске асырудағы тиімді механизмдер талқыланды.

3db7c579-6f0e-4958-ba1c-ad5a8b9bb912.jfif

174beca7-e21a-487c-91ab-eff668ad6981.jfif

Сонымен қатар, екі ел ғалымдары арасында ынтымақтастық орнатылып, бірлескен зерттеулер жүргізу мүмкіндіктері қарастырылды. Алынған тәжірибе мен ғылыми мәліметтер Қызылорда облысындағы су тапшылығы жағдайында сарқынды суларды қауіпсіз пайдалану технологиясын әзірлеуге маңызды үлес қосады. Бұл жобаның нәтижелері өңірдің су ресурстарын тиімді басқаруға, ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыруға және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...