Қорқыт ата университетінің студенті «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегері атанды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 09 желтоқсан 2025
  • 119

Қорқыт ата университетінің студенті «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегері атанды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Жасанды интеллект институтының 2-курс студенті Шұғыла Нұрғалиева «Тәуелсіздік ұрпақтары» ұлттық грантына өз жобасын ұсынып, «Волонтерлік» бағыты бойынша 3 миллион теңге көлеміндегі грантты иеленді.
Аталған грант дарынды, әлеуметтік белсенді жастарды қолдауға бағытталған. Конкурстық комиссияның қорытынды отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастарға жан-жақты қолдау көрсету саясаты мемлекеттік деңгейдегі басым бағыттардың бірі екенін атап өтті.

WhatsApp Image 2025-12-09 at 10.06.01.jpeg

WhatsApp Image 2025-12-09 at 10.06.01 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-12-09 at 10.06.02.jpeg

«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты – жастардың жаңа идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Президент бастамаларының бірі. Комиссия құрамына Парламент депутаттары, ғалымдар, мәдениет саласының қайраткерлері, медиа-сарапшылар мен бизнес өкілдері болды.
Биыл байқауға барлығы 1700 өтінім түсіп, оның 1622-сі қабылданды. Соның ішінде «Волонтерлік» бағыты бойынша 171 өтінім қабылданған. Комиссия қорытындысы нәтижесінде 6 бағыт бойынша ең жоғары балл жинаған 30 жоба іріктелді.
Сол үздіктердің қатарында университетіміздің студенті Шұғыла Нұрғалиева әзірлеген «EcoQogam» жобасы бар. Бұл жоба – жастарды экологиялық белсенділікке тартуға арналған геймификацияланған мобильді қосымша.

WhatsApp Image 2025-12-09 at 10.06.17.jpeg

WhatsApp Image 2025-12-09 at 10.06.17 (1).jpeg

«Қолданушылар нақты экологиялық тапсырмаларды орындап, ұпай жинайды, бейдж және сыйлық алады. Сонымен қатар EcoКарта арқылы қоқыс сұрыптау пункттерін, экозоналарды оңай таба алады. Бұл жоба экокультураны арттырып, жастардың табиғатты қорғауға деген қызығушылығын ойын түрінде дамытады», - дейді Шұғыла Нұрғалиева.
Қазіргі таңда жобаның MVP нұсқасы Figma платформасында дайындалған, енді оны толыққанды мобильді қосымша ретінде әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.
Жеңімпаздарға жобаларын жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынан 3 миллион теңге көлемінде қаржылық қолдау көрсетіледі.
Қорқыт ата университетінің студенті экологиялық бағыттағы инновациялық бастамасымен ел жастарына үлгі болуда.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...