Rule of Law қағидаларын ұлттық құқықтық жүйеге бейімдеу мәселелері
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 11 желтоқсан 2025
  • 114

Rule of Law қағидаларын ұлттық құқықтық жүйеге бейімдеу мәселелері

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті заң факультетінің ұйымдастыруымен қоғамда заң және тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдамаға сәйкес «Rule of Law концепциясының трансформациясы және оны ұлттық құқықтық кеңістікке бейімдеу мәселелері» тақырыбында оқытушы-профессор құрамы мен докторанттарға арналған ғылыми семинар өтті.

WhatsApp Image 2025-12-11 at 11.46.35.jpeg
 
WhatsApp Image 2025-12-11 at 11.46.35 (1).jpeg
 
WhatsApp Image 2025-12-11 at 11.46.34 (1).jpeg
 
Кездесуге Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, заң ғылымдарының кандидаты  Ерлан Алтаев және криминалист-эксперт Марат Садықов арнайы қатысты.
Өз баяндамаларында құқықтық мемлекеттің тірегі саналатын Rule of Law тұжырымдамасының тарихи бастауына, оның эволюциялық даму арналарына және қазіргі ұлттық құқықтық жүйелерге ықпалына терең ғылыми талдау жасады.

WhatsApp Image 2025-12-11 at 11.46.34 (2).jpeg
 
WhatsApp Image 2025-12-11 at 11.46.34.jpeg

Семинар барысында Қазақстан Республикасының құқықтық кеңістігінде аталған концепцияны тиімді бейімдеу жолдары, құқық қолдану тәжірибесіндегі өзекті түйткілдер, сондай-ақ цифрлық қоғам жағдайында құқықтық мәдениет пен жауапкершілікті арттырудың жаңа тетіктері кеңінен талқыланды.
Шараға қатысқан оқытушы-профессор құрамы мен докторанттар ғылыми тақырыпқа қатысты өзекті сұрақтарын қойып, теориялық және практикалық тұрғыдан құнды мәліметтер алды. Семинар жас зерттеушілердің ғылыми көзқарасын қалыптастырып, құқық саласындағы заманауи үрдістерді түсінуге жол ашты.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...