«ТӘУБЕНІҢ ЗОРЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК»
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 11 желтоқсан 2025
  • 114

«ТӘУБЕНІҢ ЗОРЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК»

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Журналистика мамандығының 4-курс студенттері ұйымдастырған «Тәубенің зоры – Тәуелсіздік» атты тағылымдық шара өтті. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – ұлт тәуелсіздігінің мәнін терең ұғындыру, Желтоқсан оқиғасының тарихи орнын жаңаша қырынан көрсету және елдік рухты қалыптастыруға зор үлес қосқан тұлғаларға құрмет білдіру болды.
Тәуелсіздік – ұлттың рухын тіктеп, өз болмысын қайта танытқан тарихи белес. Егемендіктің әрбір таңы – бабалардың жанқияр ерлігі мен бүгінгі ұрпақтың жауапкершілігін айшықтайтын қастерлі құндылық екенін тағылымдық шараның мазмұны айқын көрсетті.

WhatsApp Image 2025-12-11 at 14.56.11 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-12-11 at 14.56.12.jpeg     WhatsApp Image 2025-12-11 at 14.56.11 (2).jpeg

Шара Мемлекеттік Әнұранмен ашылып, азаттығымыз жолында еңбек еткен аға буын өкілдерін бір минут үнсіздікпен еске алумен жалғасты.
Қадірлі қонақтар, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының куәгерлері, сол бір сындарлы кезеңнің тарихи сәттері туралы жастармен тұщымды ой бөлісті. Олар еркіндікке бастар жолдың әр қадамы табандылық пен қайсарлықты талап еткенін, ал бүгінгі ұрпақтың міндеті – тәуелсіздіктің қадірін терең түсіну екенін атап өтті.
Іс-шараға қатысқан батыл желтоқсаншылардың қатарында университеттің Шетел тілдері және аударма БББ-ның аға оқытушысы, п.ғ.м Шолпан Баймаханова, сондай-ақ Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика БББ-ның доценті, ф.ғ.к Гүлмира Баялиева болды.

WhatsApp Image 2025-12-11 at 14.56.10.jpeg

WhatsApp Image 2025-12-11 at 14.58.27.jpeg

Тәуелсіздік құндылығын дәріптеудегі белсенді қызметі және өскелең ұрпаққа көрсеткен өнегелі еңбегі үшін Шолпан Баймаханова, Гүлмира Баялиева және Асыл Уразова Қызылорда қалалық «AMANAT» партиясының Алғыс хатымен марапатталды. Бұл құрмет – олардың елдік мүдде жолындағы сүбелі еңбегіне көрсетілген ерекше бағасы болды.
Журналистика мамандығының 4-курс студенттері ұйымдастырған мазмұнды шара – тарихқа тағзымның, ұрпақ сабақтастығының және тәуелсіздіктің қадірін терең түсінудің жарқын үлгісі. Осындай игі бастамалар жас буынның елдік рухын бекітіп, азаттықтың мәнін ұғынуға септігін тигізері сөзсіз.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...