Қорқыт ата университетінде жаңа заманауи кітапхана ашылды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 13 желтоқсан 2025
  • 124

Қорқыт ата университетінде жаңа заманауи кітапхана ашылды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде заманауи талаптарға сай жабдықталған жаңа кітапхана өз есігін айқара ашты. Кітапхана 1 оқу ғимаратында орналасқан және университеттің білім беру инфрақұрылымын жаңғыртудағы маңызды қадам болып табылады.

Жаңа кітапханада студенттер мен оқытушылар үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Бұл кітапхана оқу процесін тиімді ұйымдастыруға және ғылыми зерттеулерді қолдауға бағытталған.

IMG_4898.JPG

IMG_4893.JPG

IMG_4910.JPG

Университеттің жалпы кітап қоры 2 миллионға жуық кітапты қамтиды. Олардың ішінде педагогикалық бағыттағы 300 мыңға жуық кітап жаңа кітапханада қолжетімді болып отыр.

IMG_4876.JPG

IMG_4879.JPG

IMG_4878.JPG

IMG_4874.JPG

IMG_4871.JPG

IMG_4870.JPG

Тұсаукесер салтанатында лента қию рәсімі жаңа кітапхананың жобасын қалаған Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің бұрынғы ректоры, қазіргі таңда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Бейбіткүл Каримоваға, сондай-ақ технология ғылымдарының докторы, профессор Серікбай Қошқаровқа, «Облыстық қоғамдық даму басқармасының» басшысы Руслан Каюповқа және филология ғылымдарының докторы, профессор Жеңіс Сәдуақасұлына берілді.

Жаңа кітапхана университеттің білім беру сапасын арттыруға, студенттердің және оқытушылардың ғылыми-зерттеу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған заманауи білім ордасы болып табылады.

IMG_4925.JPG

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...