Жас ғалымдар жобасына 30 млн теңге бөлінді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 15 желтоқсан 2025
  • 126

Жас ғалымдар жобасына 30 млн теңге бөлінді

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде жыл сайын жас ғалымдардың ғылыми ізденістерін қолдау мақсатында гранттар тағайындалады. Биыл гранттың жалпы сомасы 30 млн теңгеге артып, 20 жоба жеңімпаз атанды.

Байқауға университет бойынша 27 жоба ұсынылып, оның ішінде 20 жас ғалымның жобасы үздік деп танылды.

Конкурс талабына сәйкес, 40 жасқа дейінгі ғалымдар мен 1,2 курс докторанттары зерттеу жұмыстарын ұсынды.

IMGL1756.JPG

IMGL1747.JPG

IMGL1802.JPG

IMGL1799.JPG

Бұл жас ғалымдардың ғылыми – зерттеу жұмыстары мен инновациялық жобаларын қолдауға бағытталған. Сонымен қатар, университеттің ғылыми әлеуетін арттырып, өңірлік және республикалық деңгейде жаңашыл зерттеулерді жүзеге асыруға мүмкіндік.

Университетте 40 жасқа дейінгі жас ғалымдарға 2021 жылдан бастап ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін  арнайы грант бөлініп келеді. Бүгінге дейін 53 жобаға жалпы көлемі 80 млн теңге қаржылай қолдау көрсетілді.

IMGL1834.JPG

IMGL1838.JPG

Сонымен қатар, оқу орнында 2021 жылдан бері ғылым бойынша жалпы табыс 8 есеге өсті. Бұдан бөлек, профессор-оқытушылар құрамының индекстелген журналдарда мақала жариялау белсенділігі жыл сайын артып келеді. Нақты айтқанда, 2025 жылы Scopus деректер базасында 83 ғылыми мақала, Web of Science деректер базасында 37 ғылыми мақала жарияланды. Университет ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялау үшін 8 ғылыми журнал шығарады.

Айта кетейік, 2021 жылы – 4, 2022 жылы 6, 2023 жылы – 8, 2024 жылы - 15 жоба авторы университеттің грантын иеленді. Жас ғалымдарға арналған конкурс дәстүрлі түрде 4 жылдан бері жалғасын тауып келеді.

IMGL1869.JPG

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...