- Университет
- Басқарма
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Ғылыми кеңес
- Басқарма Төрағасы-Ректордың көмекшісі
- Ректордың қоғамдық жұмыс жөніндегі кеңесшісі
- Әкімшілік - құқықтық мәселелер бойынша ректордың кеңесшісі
- Ректордың жастар ісі жөніндегі кеңесшісі
- Адами ресурстарды басқару басқармасы
- Құжаттармен қамтамасыз ету және архив бөлімі
- Экономика және қаржы департаменті
- Шаруашылық жұмыстар жөніндегі департамент
- Киберқауіпсіздік офицері
- АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ-ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Ғылым департаменті
- Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімі
- Коммерцияландыру бөлімі
- «Aрхеология және этнография» ғылыми орталығы
- «Қорқыттану» ғылыми орталығы
- «Шоқайтану» ғылыми орталығы
- «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы
- Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығы
- Ботаникалық бақ және жылыжай шаруашылығы
- Бас редактор
- Халықаралық байланыстар бөлімі
- Ғылыми кітапхана
- Ғылым департаменті
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары басқармасы
- Рекрутинг және мансап бөлімі
- Жұмыс берушілер кеңесі
- 2024-2025 оқу жылына арналған магистратура бойынша кәсіби бағдар беру жол картасы
- Шетелдік студенттер санын көбейту мақсатында атқарылатын жұмыстар бойынша 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
- Жасанды интеллект институтының кәсіби бағдар беру жұмыстары бойынша 2024-2025 оқу жылына жылдық жұмыс жоспары
- Түйіндеменің үлгісі
- «Upgrade» алаңы
- Mедиа орталығы
- Психологиялық қолдау орталығы
- Медициналық орталық
- «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы
- Cтуденттер сарайы
- Мұражай
- «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені
- Студенттік омбудсмен
- Ардагерлер кеңесі
- «Кorkyt ata endowment» корпоративтік қоры
- Түлектер қауымдастығы
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ IT ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Университет миссиясы
- Даму бағдарламасы
- Корпоративтік басқару
- Директорлар кеңесі
- Корпоративтік хатшы
- Корпоративтік оқиғалар
- Корпоративтік құжаттар
- Корпоративтік оқиғалар күнтізбесі
- Директорлар кеңесінің отырыстары
- Директорлар кеңесінің комитеттері
- Директорлар кеңесінің қызметі туралы есеп
- Қоғамның жылдық есеп
- Басқарма
- Басқарма отырыстары
- Ішкі аудит қызметі
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызмет
- Жалғыз акционердің шешімдері
- Жылдық қаржылық есептілік
- Аккредиттеу
- Рейтингтердегі позициялар
- Ішкі құжаттар тізілімі
- Түлектерге
- Құрылымы
- Ректор блогы
- Материалдық-техникалық база
- Кадрлық резерв
- Cапаны қамтамасыз ету саласындағы саясаты
- Тәуекелдердің жиынтық картасы
- Басқарма
- Білім беру
- Ғылым
- Серіктестер
- Диссертациялық кеңес
- Конференциялар
- Жобалар
- Ғылыми зерттеулер үшін сатып алынатын ТЖҚ тізбесі
- Ғылыми басылымдар
- Жас ғалымдар кеңесі
- Ғалымдар библиографиясы
- Патент
- CҒЗЖ
- Ғылыми журналдар
- Коммерцияландыру
- Ғылыми - зерттеу қызметінің жоспары
- Ғылыми-зерттеу әлеуеті
- Студенттердің үйірмелер жұмысы
- Нормативті құжаттар
- Студентке
- Халықаралық байланыс
- Медиа
- ТДМ
- Тұрақты даму саласындағы саясаты
- Тұрақты даму мақсаттары саласындағы саясатын іске асыру жөніндегі іс-шаралар
- «Білім беру және зерттеу арқылы Тұрақты даму мақсаттарын ілгерілету» атты дөңгелек үстел
- Қорқыт ата университетінде жасыл экономика мен құрылыс саласын дамытуға арналған дөңгелек үстел өтті
- Университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлеріне арналған семинар өтті
- Барлық мүдделі топтар үшін 2025 жылғы Ерікті ұлттық шолуды талқылауға арналған семинар
- Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде экоклуб құрылды
- Тұрақты даму саласындағы саясатын жүзеге асыру тетігі
- Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі маман
- Ғылыми жобалар
- Арал өңірі экожүйелерін зерттеу халықаралық орталығы
- Тұрақтылық бойынша білім беру бағдарламалары
- Тұрақты даму жөніндегі уәкілеттілер
- Инклюзивті білім беру орталығы
- Тұрақты мемлекеттік сатып алу саясаты
- Күн электр станциясы
- Инклюзивті Инфрақұрылым схемасы
- Тұрақты даму саясатын жүзеге асыру бойынша 2024-2025 оқу жылындағы есебі
Қорқыт ата университеті Еуропалық Одақтың Эразмус+ бағдарламсының Cyber4CA халықаралық жобасына қатысуда
Еуропалық Одақтың Эразмус+ бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан Cyber4CA – «Орталық Азияның цифрлық еңбек нарығы үшін киберқауіпсіздік саласында магистратураның инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу» халықаралық жобасының ресми ашылуы (Kick-off конференция) 2025 жылғы 9–11 желтоқсан аралығында Ташкент қаласында, Мұхаммад әл-Хорезмий атындағы Ташкент ақпараттық технологиялар университеті (TUIT) базасында өтті.
Конференцияның ашылу рәсімінде бірқатар халықаралық және ұлттық деңгейдегі өкілдер құттықтау сөз сөйлеп, жобаның маңыздылығына тоқталды. Атап айтқанда, Азиза Абдурахманова, Өзбекстан бойынша Эразмус+ Ұлттық офисінің (NEO) координаторы, Дилшод Муйдинов, Өзбекстан Республикасының жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлігінің өкілі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілі сөз сөйледі.
Қазақстан тарапынан Ғылым және жоғары білім вице-министрі Көбенова Гүлзат Қуанышқызы онлайн форматта қатысып, жобаға қолдау білдіріп, Орталық Азиядағы киберқауіпсіздік кадрларын даярлаудағы жобаның стратегиялық маңызын атап өтті. Сонымен қатар, Нурлан Омуров, Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрлігінің өкілі, сондай-ақ Қырғызстан тарапынан келген делегация мүшелері де құттықтау сөз сөйлеп, өңірлік ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды. Ашылу рәсімінде бұдан бөлек Халимджон Худжаматов, Cyber4CA жобасының координаторы (Өзбекстан), және Слободан Боянич, Еуропалық Одақ тарапынан өңірлік координатор (Мадрид политехникалық университеті, Испания) сөз сөйлеп, жобаның мақсаттары, құрылымы және күтілетін нәтижелерімен таныстырды.


Cyber4CA жобасының грант иегері – Мұхаммад әл-Хорезми атындағы Ташкент ақпараттық технологиялар университеті (Өзбекстан), жоба Консорциумы 18 серіктестерден құрылған. Жоба Еуропа мен Орталық Азия елдерінің жетекші жоғары оқу орындарын біріктіретін халықаралық консорциум негізінде іске асырылуда. Атап айтқанда, серіктестер қатарында Мадрид политехникалық университеті (Испания), Бухарест политехникалық университеті (Румыния), Антверпен университеті (Бельгия), Сант-Анна жоғары мектебі (Италия), сондай-ақ Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстанның бірқатар жетекші университеттері бар.
Жобаға Қазақстан тарапынан Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті және Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Қазақcтанның ақпараттық қауіпсіздік қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі ресми орындаушы серіктес ретінде қатысуда.
Жобаның жүзеге асу мерзімі 2025 жылғы 1 қазаннан 2028 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі кезеңді қамтиды, ал жалпы қаржыландыру көлемі 800 000 еуроны құрайды.
Cyber4CA жобасының негізгі мақсаты – Орталық Азия елдерінің жоғары оқу орындарында киберқауіпсіздік саласы бойынша инновациялық магистратура және кейінгі білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ серіктес университеттер базасында заманауи Киберқауіпсіздік (CyberLab) зертханаларын құру. Жоба аясында 12 пәнді қамтитын үш білім беру бағдарламасы әзірленіп, білім алушылардың практикалық дағдыларын арттыруға бағытталған инновациялық оқыту ортасы қалыптастырылады.
Сонымен қатар әлеуметтік осал топтар мен мүмкіндігі шектеулі білім алушылар үшін білімге қолжетімділікті кеңейту көзделген.


Аталған жоба Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті үшін стратегиялық маңызға ие. Қазіргі уақытта университетте ақпараттық қауіпсіздік бағыты бойынша бакалавриат білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Cyber4CA жобасы аясында университет базасында «Киберқауіпсіздік» магистратура білім беру бағдарламасын ашу жоспарланып отыр. Магистратура іске қосылған жағдайда, Эразмус+ жобасы шеңберінде заманауи материалдық-техникалық база мен инновациялық зертханалармен қамтамасыз ету, сондай-ақ оқытушылардың еуропалық серіктес университеттерде академиялық ұтқырлық пен тәжірибе алмасуға қатысуы және шетелдік профессор-оқытушылар құрамының университетте дәріс оқу тетіктері қарастырылған.
Жобаның ресми ашылу конференциясы және оқу бағдарламаларын әзірлеуге арналған семинары барысында киберқауіпсіздік саласындағы еңбек нарығының талаптары, оқу бағдарламаларын әзірлеу әдістемелері, Киберқауіпсіздік лабораториясын құру, сапаны қамтамасыз ету, жобаны басқару және қаржылық менеджмент мәселелері жан-жақты талқыланды.
Аталған халықаралық семинарға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінен Қоңырбаев Нұрбек Беркінбайұлы – Компьютерлік ғылымдар білім беру бағдарламасының жетекшісі және Кеншинбай Темірболат Ыбрайұлы – Cyber4CA жобасының Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті бойынша координаторы, халықаралық жобалармен және стипендиялық бағдарламалар бойынша топ жетекшісі қатысып, жобаның негізгі бағыттары бойынша жұмыс отырыстарына белсенді атсалысты. Семинар барысында Темірболат Ыбрайұлы Кеншинбай Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің білім беру және ғылыми әлеуеті туралы жан-жақты ақпарат ұсынып, киберқауіпсіздік саласындағы кадрлар даярлау бағыттары бойынша жоғары деңгейде баяндама-презентациялар жасады.
Халықаралық семинардың соңғы күні Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінде жалғасты. Орталық Азия елдері жоғары оқу орындарының Киберқауіпсіздік білім беру магистрлік бағдарламасын жасауға, оқу жоспарын жасақтауға, тиісті заңдылықтармен, киберқауіпсіздік саласындағы еңбек нарығының талаптарымен танысуға, кездесетін проблемаларды және тәуекелдерді талқылауға арналды.
Іс-шара соңында алдағы кезеңде атқарылатын жұмыстар нақтыланып, қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Эразмус+ жобасын орындау аясында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Компьютерлік ғылымдар білім беру бағдарламасы бойынша профессор-оқытушылар құрамы да белсенді түрде қатысып, оқу бағдарламаларын әзірлеу және жобалық іс-шараларды жүзеге асыруға тартылуда.
Эразмус+Cyber4CA жобасы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің халықаралық ынтымақтастығын кеңейтуге, білім беру сапасын арттыруға және өңірде киберқауіпсіздік саласы бойынша білікті кадрлар даярлауға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: media_korkyt@mail.ru
Қолжетімді қызметтер
PLATONUS
platonus.kz
E-univer
https://e-univer.korkyt.kz/
AI-Sana бағдарламасы
толығырақ...
МООK
МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)
МегаПРО электронды кітапхана
library.korkyt.kz
Erasmus
erasmus
Сабақ кестесі
толығырақ...
Ғылыми кітапхана
толығырақ...