Әуелбек Қоңыратбаевтың 120 жылдығына арналған конференция өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 18 желтоқсан 2025
  • 177

Әуелбек Қоңыратбаевтың 120 жылдығына арналған конференция өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде көрнекті ғалым, фольклортанушы әрі әдебиет тарихын зерттеуші Әуелбек Қоңыратбаевтың ғылыми мұрасын кеңінен насихаттауға арналған «Әуелбек Қоңыратбаев және түркі халықтарының рухани мұрасы: фольклортану мен әдебиет тарихын зерттеудің жаңа парадигмалары» тақырыбында халықаралық «Қоңыратбаев оқулары» аясындағы ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.
Конференцияның ашылу салтанатында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма мүшесі – Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнура Бурибаева құттықтау сөз сөйлеп, шараның маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ол Әуелбек Қоңыратбаевтың түркология, фольклортану және әдебиеттану саласындағы еңбектерінің бүгінгі ғылым үшін өзектілігін атап өтті.

IMGL2524.jpg

IMGL2541.jpg

IMGL2550.jpg

IMGL2538.jpg

Жиын барысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика білім беру бағдарламасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ұлжан Жанбершиева, Түркия Республикасы Гази университетінің профессоры, доктор Сейфуллах Йылдырым, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің филология ғылымдарының кандидаты, профессор Гауһар Аскарова, сондай-ақ Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика білім беру бағдарламасының аға оқытушылары – филология ғылымдарының кандидаттары Гүлзира Оралова мен Әсия Алмауытова мазмұнды баяндамалар жасады.

IMGL2557.jpg

IMGL2566.jpg

IMGL2597.jpg

Сонымен қатар, «Болашақ» университетінің аға оқытушысы, «Әлімсақ» журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты Нұрлан Нұрмаханов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Тарих және археология білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, PhD Сейдали Біләлов, Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, PhD Күнімжан Құдайбергенова өз зерттеулерімен бөлісіп, түркі халықтарының рухани мұрасын зерттеудегі жаңа ғылыми бағыттар мен әдіснамалық ұстанымдарға тоқталды.

IMGL2603.jpg

IMGL2615.jpg

Айта кетсек, шара барысында Әуелбек Қоңыратбаевтың ғылыми еңбектерін зерделеу, фольклорлық мұраларды жаңаша қырынан қарастыру және әдебиет тарихын зерттеудің заманауи парадигмалары жөнінде маңызды ұсыныстар айтылды.
Халықаралық конференция ғылыми қауымдастық үшін тәжірибе алмасуға, жас зерттеушілердің кәсіби дамуына және түркі әлемінің рухани құндылықтарын терең танытуға зор үлес қосты.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...