«Жоңышқа» оқулығы оқырманға жол тартты
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 19 желтоқсан 2025
  • 70

«Жоңышқа» оқулығы оқырманға жол тартты

Қорқыт ата университетінде «Қазақстанның Арал өңіріндегі малазықтық  дақылдарды  өндірудің  өзекті  мәселелері» тақырыбында ғылыми тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Шара белгілі ғалым, ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Дүйсен Нұрымовтың 90 жылдығына арналып отыр.
 
IMGL2661.jpg
 IMGL2701.jpg
 
Конференцияның алғысөзін Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Майнура Бурибаева бастап, ғалымның ғылыми мұрасын дәріптеу жұмысына сәттілік тіледі.
 
Іс-шараның мақсаты – Дүйсен Егенұлының шәкірттері мен әріптестерінің жүрегінде сақталған жылы естеліктерді ортаға салу, сондай-ақ оның еңбегі арқылы жастарды ғылымға, білімге ынталандыру.
Конференцияға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Аграрлық технологиялар білім беру бағдарламасының жетекшісі, техника ғылымдарының кандидаты Ермағанбет Ысқақ, Аграрлық технологиялар білім беру бағдарламасының  қауымдастырылған профессоры, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы Ибадулла Таутенов, профессор, техника ғылымдарының докторы Серікбай Қошқаров және Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің жетекші ғылыми қызметкері, Көкөніс-бақша және  кортоп дақылдары бөлімі меңгерушісі, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты Қанағат Бегалиев, ғалымның шәкірті, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінің қауымдастырылған профессоры Карима Мырзабек  қатысып, мазмұнды баяндамалар оқыды.
 
IMGL2717.jpg
IMGL2734.jpg
IMGL2837.jpg
IMGL2841.jpg
 
Айта кетсек, басқосуда «Жоңышқа» оқулығының тұсау кесер рәсімі өтіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсене қатысқан студенттерге Дүйсен Нұрымовтың отбасы атынан 50 мың теңге мөлшеріндегі стипендия тапсырылды.  Сонымен қатар  Гүлназ Елеусізова, Сәкен Абызбай, Бақдәулет Сайфуллаев, Анар Оңалсын «Алғыс хаттармен» марапатталды.
 
IMGL2855.jpg
IMGL2877.jpg
IMGL2895.jpg
 
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...