«Korkyt Awards – 2025» қорытынды кеші өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 24 желтоқсан 2025
  • 157

«Korkyt Awards – 2025» қорытынды кеші өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде дәстүрлі «Korkyt Awards – 2025» қорытынды марапаттау кеші өтті. Бұл шара жыл бойы оқу, шығармашылық және қоғамдық өмірде белсенділік танытқан студенттер мен ұйымдардың еңбегін бағалау мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шараны Ректордың міндетін атқарушы Дана Абдрашева алғысөзбен ашып, студенттердің белсенділігі мен жетістіктеріне жоғары баға берді. Ол өз сөзінде университет жастарының білім мен ғылым жолындағы табандылығын, қоғамдық өмірге қосқан үлесін ерекше атап өтті.

IMGL3089.jpg

Шараның басты ерекшелігі – студенттермен қатар олардың ата-аналарына да құрмет көрсетіліп, арнайы алғыс хаттар табысталды. Сондай-ақ белсенділігімен көзге түскен студенттерге ректор атынан алғыс хаттар берілді.

IMGL3113.jpg

IMGL3222.jpg

IMGL3421.jpg

IMGL3358.jpg

IMGL3444.jpg

IMGL3611.jpg

Кеш шығармашылық бағдарлама аясында жалғасын тауып, әсерлі әндер мен би нөмірлері көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.

Іс-шара барысында жыл бойы үздік нәтиже көрсеткен жатақханалар, институттар, студенттік кеңес төрағалары, студенттік ұйымдар мен олардың жетекшілері марапатталды. Биылғы марапаттар иегерлері арасында ерекше белсенділігімен танылған Нұрасыл Тілектесов – «Үздік спортшы», Экономика және құқық институты – «Үздік институт», Дилмаш №3 жатақханасы – «Үздік жатақхана», Дильназ Сарсембекова – «Үздік ұйым төрағасы», Ансар Әділхан – «Үздік студенттік кеңес төрағасы», Аяулым Ермекбаева – «Үздік жатақхана студенттік кеңес төрағасы», Аида Алмасбекова – «Үздік көшбасшы», Мадина Асылбекқызы – «Үздік тәрбие майталманы», Іңкәр жатақханасы – «Ең тәртіпті жатақхана», Еркебұлан Баядилов – «Үздік орынбасары» аталымдары бойынша марапатталды.

IMGL3653.jpg

IMGL3665.jpg

IMGL3680.jpg

IMGL3753.jpg

Сондай-ақ, «Үздік контент-мейкер» атағы Жаратылыстану институтына, «Үздік ұйым» атағы «Жайдарман» ұйымына, ал «Жыл жетістігі» номинациясы Гуманитарлық-педагогикалық институттың журналистика мамандығының студенттеріне берілді.

IMGL3675.jpg

IMGL3776.jpg

Кеш соңында белсенді студенттер мен ұйымдарға арнайы сыйлықтар табысталып, жыл бойғы еңбектері лайықты түрде бағаланды.

«Korkyt Awards – 2025» қорытынды кеші Қорқыт ата университетінің жастары мен олардың ата-аналары үшін ерекше маңызға ие шара болды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...