Қорқыт ата университетінде «Батыр. Қаламгер. Қайраткер» кітабының тұсаукесері өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 25 желтоқсан 2025
  • 87

Қорқыт ата университетінде «Батыр. Қаламгер. Қайраткер» кітабының тұсаукесері өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Кеңес Одағының батыры Жәлел Қизатовтың 105 жылдығы мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай жарық көрген «Батыр. Қаламгер. Қайраткер» атты кітаптың тұсаукесері өтті.
Іс-шараның модераторы – университеттің Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Майнура Бурибаева алғысөз сөйлеп, қонақтарға жылы лебізін білдірді. Алғашқы құттықтау сөзді «Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының» басшысы Руслан Каюпов алып, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтің атынан жолданған құттықтау хатын оқып берді.

WhatsApp Image 2025-12-25 at 15.43.13.jpeg

WhatsApp Image 2025-12-25 at 15.43.12.jpeg

WhatsApp Image 2025-12-25 at 15.43.14.jpeg

Шараға Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айдын Қайруллаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, қоғам қайраткері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Тұрғанбай Маханов, өлкетанушы, қаламгер Сағат Жүсіп, университет ардагерлері мен ғалымдары, сондай-ақ №23 Жәлел Қизатов атындағы мектептің мұғалімдері мен оқушылары, ауған соғысының ардагерлері және батырдың ұрпақтары қатысты.Жәлел Қизатов – Ұлы Отан соғысының басынан аяғына дейін қатысып, көрсеткен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағын иеленген тұлға. Ол бейбіт өмірде де ел дамуына зор үлес қосып, бірнеше жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталған. 1990-1993 жылдары ҚР Жоғары Кеңесінің депутаты ретінде Арал экологиялық мәселесін мемлекеттік деңгейге көтеріп, Ауған және Чернобыль ардагерлерінің құқықтарын қорғауға атсалысты. Батырдың есімі Қызылорда қаласындағы көшеге және №23 мектепке берілген.

WhatsApp Image 2025-12-25 at 15.43.11 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-12-25 at 15.43.11.jpeg

Жиында доцент, филология ғылымдарының кандидаты Алдажар Әбілов, профессор Ұлжан Жанбершиева, аға оқытушы Айман Айтбаева, профессор, техника ғылымдарының докторы Серікбай Қошқаров, техника ғылымдарының кандидаты Бақыт Қалиев және тарих ғылымдарының докторы Сәтбай Тастанбек баяндама жасап, батыр тұлғаның өмірі мен еңбегі жайлы мазмұнды ойларымен бөлісті.
Жинақ Қызылорда облысы әкімінің тапсырмасы әрі қолдауы арқасында жарық көрді. Кітаптың құрастырушысы – университеттің бас редакторы Қали Омаров. Жинақты дайындауға ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, ҚР Ұлттық кітапханасы,  Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда және С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханалары, университеттің ғылыми кітапханасы, облыстық архив қызметкерлері, университеттің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Қалиев өз үлестерін қосты.
Іс-шара соңында Кеңес Одағының батыры Жәлел Қизатұлының немересі, филология ғылымдарының кандидаты Гүлнар Жалелова Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Үздік түлек» медалімен марапатталды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...