«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы - Ректордың бос лауазымына конкурс
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 26 желтоқсан 2025
  • 24

«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы - Ректордың бос лауазымына конкурс

«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29А, «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы - Ректордың бос лауазымына Конкурс жариялайды. Қоғамның орналасқан мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29А.

Негізгі қызмет түрі - жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта, ортадан кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметтерін көрсету.

Қызмет мақсаты - ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби тұрғыдан жетілдіруге, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамытуға және әзірлемелерді коммерцияландыруға бағытталған сапалы білім алуға, оқыту мен оқытуды жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

1) ғылым кандидаты немесе ғылым докторы ғылыми дәрежесінің, философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесінің болуы; ғылыми атағының болуы (басымдылық беріледі);

2) кемінде 10 (он) жыл кәсіби тәжірибесінің, оның ішінде білім және ғылым саласында басшылық лауазымдарда кемінде 5 (бес) жыл еңбек өтілінің болуы;

3) білім беру және ғылыми-инновациялық қызметті ұйымдастыруды, ұйымдастырушылық менеджмент қағидаттарын, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру және өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу жөніндегі мемлекеттік саясатты білуі;

4) стратегиялық жоспарлау, бизнес-процестерді цифрландыру, фандрайзинг және инвестициялар тарту дағдыларының болуы;

5) көшбасшылық, креативтілік, инновацияшылдық, сыни ойлау, құқық бұзушылықтарға төзбеушілік;

6) қазақ тілін меңгеруі (В1 деңгейінен төмен емес Қазтест сертификаты), орыс және (немесе) ағылшын тілдерін меңгеруі (басымдылық беріледі);

7) ғылым және жоғары білім саласында менеджмент және (немесе) корпоративтік басқару бойынша біліктілікті арттыру сертификаттарының болуы.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының негізгі қызмет бағыттары бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың (куәліктердің) болуы құпталады.

 

Конкурсқа қатысуға келесі тұлғалар жіберілмейді:

- жиырма бес жасқа толмаған;

- бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

- өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

- медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрған;

- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

 

Конкурсқа қатысу үшін үміткер мынадай құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысандағы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) белгіленген нысандағы 3х4 өлшемдегі түрлі түсті фотосуреті бар қызметтік тізім;

4) жоғары оқу орнын дамыту бағдарламасы;

Жоғары оқу орнын дамыту бағдарламасы төмендегілерді қамтуы тиіс:

- 5 (бес) жылға арналған ЖОО дамуының негізгі бағыттары бойынша миссиясы, пайымы, құндылықтары мен даму перспективалары (ұлттық және өңірлік жобалар, тұжырымдамалар, мемлекет басшысының тапсырмалары) негізінде;

- ЖОО-ның бекітілген құжаттарын іске асырудың ағымдағы жай-күйін талдау (екі-үш басым бағытты (мақсатты) және олар бойынша индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізуді жолдарын көрсету);

- ЖОО алдында тұрған және (немесе) кезігуі мүмкін негізгі сын-қатерлер және оларды шешу бойынша ұсыныстар (алдыңғы кезеңдегі стратегияны іске асыруды талдау, проблемалар, шешімдердің сабақтастығы);

- Конкурсқа қатысушы ұсынған ЖОО дамыту бағдарламасын іске асырудан күтілетін нәтижелер мен жетістіктер.

ЖОО даму бағдарламасы Power Point форматында көлемі 10 слайдтан аспайтын презентация түрінде рәсімделуі тиіс.

5) салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, білім туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының көшірмелері;

- Қазақстан Республикасы азаматтары шетелдік білім беру ұйымдарында алған білім туралы құжаттардың көшірмелерімен бірге білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі; бұған Қазақстан Республикасының «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері болып табылатын азаматтарға шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен зертханалар берген білім туралы құжаттар, сондай-ақ білім туралы құжаттарды өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданылу аясына жататын құжаттар кірмейді;

- «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтағаны туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі;

- білім туралы құжаттарды өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданылу аясына жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы білім туралы құжаттарды тану туралы анықтамалардың көшірмелері қоса беріледі.

6)  еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі, жұмыс орны бойынша (қолданыстағы не соңғы) кадр қызметімен куәландырылған;

7)  ғылым және жоғары білім саласындағы менеджмент және (немесе) корпоративтік басқару бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификаттың көшірмесі;

8)  университеттің негізгі қызмет бағыттары бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың (куәліктердің) көшірмелері (бар болған жағдайда);

9)  № 075у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);

10)  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес, құжаттарды тапсыру күніне дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

11)  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес, құжаттарды тапсыру күніне дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген наркологиялық ұйымнан анықтама;

12)  қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазым атқаруға тыйым салынбағанын растайтын құжат.

 

Құжаттарды конкурсқа қатысу үшін қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады. 

Конкурсты өткізу күні мен орны қосымша хабарланады.

Жоғарыда көрсетілген құжаттар белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетіне (643-кабинет) ұсынылуы тиіс; телефон: 8 (7172) 74-24-26, 74-20-38, 74-19-16, 74-27-25

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...