Университет ғалымдары марапат төрінен көрінді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 06 қыркүйек 2022
  • 1478

Университет ғалымдары марапат төрінен көрінді

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің мерекесі және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі» тақырыбында пленарлық мәжіліс өтті.

Шара барысында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын насихаттау бағытында баяндамалар тыңдалып, ұсыныстар айтылды.

Жиында облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы мерейтойымен және 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесімен құттықтады.

Пленарлық мәжілісте өңірде тілдерді дамыту саласы бойынша үлес қосып жүрген  тіл жанашырлары мен сала мамандары марапатталды.

Олардың қатарында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары бар.

Атап айтсақ, қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының профессоры, ф.ғ.д., Жеңіс Сәдуақасұлына Қызылорда облысының Құрмет грамотасы, қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының профессоры,  ф.ғ.д., Ұлжан Жаңбыршиеваға Қызылорда облысының Құрмет грамотасы, қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының доценті, ф.ғ.к., Алдажар Әбіловке ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің Құрмет грамотасы, қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к., доцент Аман Абасиловке облыс әкімінің Алғыс хаты, қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, аға оқытушы, Phd, Ақерке Жолмахановаға облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.

Айта кету керек, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Мира Жомартқызы модераторлық еткен пленарлық мәжіліске тіл жанашырлары, қоғам зиялылары, облыстық басқармалар мен департамент, инспекция басшылары, жоғары оқу орындарының оқытушылары, ғалымдары, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдері, этномәдени бірлестік, жастар және БАҚ өкілдері, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, мамандары, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының филиал төрағалары қатысты. Аудандар селекторлық режимде қосылды.

Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытында еңбек етіп жүрген барша әріптестеріміздің еңбегіне табыс тілейміз!

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...