Ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 31 желтоқсан 2025
  • 157

Ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығы мен Кәсіподақ комитетінің қолдауымен «Күміс университет» жобасы аясында ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді. Негізгі мақсаты – білім мен ғылым саласының дамуына сүбелі үлес қосқан ардагер ұстаздардың еңбегін дәріптеу және құрмет пен ілтипат білдіру.

Кәсіподақ комитетінің төрағасы, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығының басшысы Айтжан Оразбақов, «Физика және математика» білім беру бағдарламасының доценті, ардагер ұстаз Пажарбек Сапарходжаев  және Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығының жетекшісі Нұрхан Абтикалыков университеттің ардагер ұстаздары – Әбділда Төрешбаев, Миуа Төлегенова,  Валентина Дронова, Любовь Орлованың шаңырақтарына арнайы барып, хал-жағдайларын сұрады. Кездесу барысында ардагерлердің білім ордасының дамуына қосқан еңбектері атап өтіліп, университет ұжымы атынан алғыс білдірілді.

Ардагер ұстаздар көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдіріп, университет ұжымына ақ тілектерін арнады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...