Студенттер мен магистранттарға және қытай тілі оқытушыларына арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы негізінде «Қытай тілі студенттері мен оқытушыларына арналған халықаралық стипендия (ICLTS)» бойынша конкурс туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 08 қаңтар 2026
  • 82

Студенттер мен магистранттарға және қытай тілі оқытушыларына арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы негізінде «Қытай тілі студенттері мен оқытушыларына арналған халықаралық стипендия (ICLTS)» бойынша конкурс туралы ХАБАРЛАНДЫРУ


Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің халықаралық байланыстар бөлімі серіктес университет - Қытайдың Ухань педагогикалық университетінде (HUE) «Қытай тілі студенттері мен оқытушыларына арналған халықаралық стипендиясы (ICLTS)» академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2026-2027 жылы оқу үшін конкурсқа құжаттар қабылдауды жариялайды.

Бұл стипендия халықаралық студенттер мен қазіргі қытай тілі оқытушыларына қытай тілі және онымен байланысты пәндер бойынша оқуын жалғастыруға қолдау көрсетуге арналған.

Стипендия бағдарламасы оқу мерзімінің барлық кезеңінде оқу ақысын, жатақханада тұруды, стипендияны және кешенді медициналық сақтандыруды қамтиды.

Бағдарламаға 16 жастан 35 жасқа дейінгі бакалавриат және магистратура студенттері (соңғы курс білім алушыларына басқа), сондай-ақ 45 жастан кіші жұмыс істейтін қытай тілі оқытушылары қатыса алады.

Үміткерлер келесі құжаттарды ұсынуы керек:

1. Университет басшысының атына жазылған, студент/оқытушы туралы толық деректерімен (институт, мамандық, топ, төлқұжат туралы ақпарат, тұратын мекенжайы, электрондық пошта) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2. Қазақстан Республикасының төлқұжатының және жеке куәлігінің көшірмелері;

3. HSK/HSKK сертификаты: көптеген мамандықтар үшін: HSK 3-деңгейі (балл ≥180) + HSKK; қытай тілі мен әдебиеті, тарихы және философиясы мамандықтары үшін: HSK 4-деңгейі (балл ≥180) + HSKK орта деңгейі (балл ≥60);

4. Білім алушының оқу үлгерімі туралы транскрипт немесе оқытушының дипломы қосымшасымен;

5. Ұсыныс хаты.

6. Сотталмағандығы туралы анықтама;

7. Шетелге оқуға баруға рұқсаты бар медициналық анықтама.

 

Толтырылған құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі - 2026 жылдың 15 сәуірі.

Құжаттар халықаралық байланыстар бөлімінде қабылданады. Мекен-жайымыз: Қызылорда қ-сы, Әйтеке Би көшесі 29-А, бас оқу ғимараты, 2-қабат, 224-ші кабинет, телефон: 26-29-57


Қорқыт Ата атындағы ҚУ-дың  халықаралық байланыстар бөлімі

 

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...