Университет коммерцияландыру жобасын жеңіп алды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 13 қаңтар 2026
  • 85

Университет коммерцияландыру жобасын жеңіп алды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті ғылым нәтижелерін өндіріске енгізу және коммерцияландыру бағытындағы жүйелі жұмысының нәтижесінде маңызды жетістікке қол жеткізді. Университет «Ғылым қоры» АҚ ұйымдастырған 2025–2027 жылдарға арналған ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру конкурсында жеңімпаз атанды.
Конкурс қорытындысы бойынша университет ғалымы, жоба жетекшісі Анар Тумашинова басқарған «Марал мүйізінен және жантақ сығындысынан биологиялық белсенді қоспалардың инновациялық өндірісін ұйымдастыру» атты жоба жоғары бағаланып, 350 миллион теңге көлемінде гранттық қаржыландыруға ие болды. Қазіргі уақытта жоба өз жұмысын жасауда. Аталған жоба отандық ғылым мен өндірісті ұштастыруға, сондай-ақ табиғи шикізат негізінде жоғары қосылған құны бар өнім өндіруге бағытталған.

WhatsApp Image 2026-01-13 at 14.47.55 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-01-13 at 14.47.56.jpeg     WhatsApp Image 2026-01-13 at 14.47.56 (1).jpeg

Жобаның негізгі мақсаты – марал мүйізі мен жантақ өсімдігінің емдік қасиеттерін ғылыми тұрғыда негіздей отырып, олардан биологиялық белсенді қоспалар өндірудің инновациялық технологияларын енгізу. Бұл бастама халық денсаулығын нығайтуға бағытталған отандық өнім түрлерін көбейтуге, импортты алмастыруға және биомедицина мен фармацевтика саласының дамуына серпін бермек.
Жобаны іске асыру Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданында орналасқан «АКТИВ GROUP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік базасында жүзеге асырылады. Өндірістік алаңның таңдауы аймақтың табиғи ресурстық әлеуетін тиімді пайдалануға, сондай-ақ жергілікті кәсіпорындармен тығыз ғылыми-өндірістік байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

WhatsApp Image 2026-01-13 at 14.47.55 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-01-13 at 14.47.55.jpeg

Бұл жетістік Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғылыми әлеуетінің жоғары екенін, сондай-ақ университеттің ғылымды нарық сұранысына бейімдеу, инновациялық жобаларды нақты өндіріске шығару жолындағы мақсатты жұмысының нәтижелі екенін айқын көрсетеді. Аталған жоба университеттің өңірлік және ұлттық деңгейдегі ғылыми-инновациялық дамуға қосқан елеулі үлесі болып табылады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...