Ынтымақтастық аясындағы іссапар
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 15 қаңтар 2026
  • 137

Ынтымақтастық аясындағы іссапар

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті мен Оңтүстік Кореяның Сеул Ұлттық ғылым және технологиялар университеті (СеулТех) арасындағы ынтымақтастық аясында университеттің бірқатар қызметкерлері 2026 жылдың 5-9 қаңтар аралығында қызметтік іссапарда болды. Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Б.А.Досжанов, білім беру бағдарламаларын үйлестіру және оқу үдерісін жоспарлау басқармасының басшысы А.Ж.Бұхарбаева, жасанды интеллект институтының аға оқытушылары Б.Қ.Жарменова, Б.К.Жүсіпбек Lupic бағдарламасы бойынша СеулТех-тің бірнеше құрылымдарының жұмысымен танысты.

WhatsApp Image 2026-01-14 at 19.13.14.jpeg

WhatsApp Image 2026-01-14 at 19.13.15.jpeg

Атап айтқанда, менеджер Вон Ки Чо профессор-оқытышыларға әдістемелік көмек көрсетумен және оқыту үдерісіне жаңа технологияларды  енгізумен айналысатын "Teaching and Learning" орталығының жұмысымен, менеджер Хван халықаралық жұмыстар жөніндегі офистің (OIA) шетелдік студенттермен академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру, оларды академиялық қолдау қызметімен, менеджер Ким Донг Ха СеулТех кітапханасымен, "Компьютерлік ғылымдар және инжиниринг" факультетінің профессорлары Хакион Ли, Пак Хи Дже жасанды интеллект, робототехника, мәліметтерді өңдеу зертханаларымен, SUIS академиялық порталымен таныстырды.

WhatsApp Image 2026-01-14 at 19.13.15 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-01-14 at 19.13.16.jpeg

Сондай-ақ, делегация аталған институттың студенттік комитет жұмысымен, оның ішінде студенттік өзін-өзі басқару жүйесімен, СеулТех-тің стартап жобаларды қолдау қорының (SSSF) қызметімен, интеллектуалдық ферма жұмысымен танысты. Бұл кездесулерді ұйымдастыруды Lupic бағдарламасының жетекшісі Джесу Ким жүзеге асырды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...