100 мың студент ЖИ алгоритмдерін меңгереді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 20 қаңтар 2026
  • 31

100 мың студент ЖИ алгоритмдерін меңгереді

Ұлттық құрылтай аясында Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Жасанды интеллект институтына барып, SeoulTech-пен бірлесіп іске асырылып жатқан IT және жасанды интеллект бағытындағы бағдарламалық жобалармен танысты.

Ректордың міндетін атқарушы Дана Мейрамқызының айтуынша, университетте білім беру жүйесі кәсіпкерлікпен, стартап мәдениетімен және нақты технологиялық нәтижелермен тікелей ұштасқан. Kyzylorda Hub және ашық коворкинг кеңістіктері өңір жастарына облыстан шықпай-ақ халықаралық деңгейдегі цифрлық дағдыларды меңгеруге мүмкіндік беріп отыр.

WhatsApp Image 2026-01-20 at 15.56.04 (2).jpeg

Кездесу барысында Саясат Нұрбек Венчурлық инвестициялар қорының іске қосылатынын хабарлады. Бұл бастама озық технологияларға қолжетімділікті арттырып, Қазақстанның халықаралық стартаптар мен технологиялар хабы ретіндегі беделін нығайтуға бағытталған. Қор жас таланттарды қолдап, стартаптарды дамытудың барлық кезеңінде қолдау көрсететін болады.

Министр сонымен қатар шетелдік ETS (Educational Testing Service) компаниясымен ынтымақтастық орнатылғанын және бұл Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесін халықаралық форматқа көшіруге мүмкіндік беретінін айтты.

«Болашақта талапкерлер ҰБТ тапсырып, сол сертификатпен кез келген шетелдік университетке түсе алады», - деді ведомство басшысы.
Саясат Нұрбек AI-Sana бағдарламасы елімізде жасанды интеллектті дамытуға арналған экожүйе қалыптастыратынын атап өтті. Бұл жоба жоғары оқу орындарына дәстүрлі білім беру форматынан ғылыми-зерттеу бағытына көшуге жол ашады.

«AI-Sana бағдарламасын былтырдан бері жүзеге асырып келеміз. Осы уақытқа дейін 668 мың студент оқудан өтті. Барлық студент жасанды интеллект курстарынан өтеді. Coursera, HUAWEI, Microsoft, Google сынды компаниялардың үздік курстары қазақ және орыс тілдеріне аударылып, білім алушыларға қолжетімді етілді. Биыл ақпан айында жобаның екінші кезеңі басталады. Оның аясында 100 мың студент жасанды интеллектінің тереңдетілген алгоритмдерін меңгереді», - деді министр.

WhatsApp Image 2026-01-20 at 15.56.08.jpeg

WhatsApp Image 2026-01-20 at 15.56.06.jpeg

Сонымен қатар, Саясат Нұрбек аграрлы өңірде ғылымды басқарудың бірыңғай моделі қалыптасқанын айтты. Өңір экономикасына жыл сайын шамамен 10 мың маман қажет, оның басым бөлігі техникалық және кәсіптік білім иелері. Осыған сәйкес өңірлік кәсіптер картасы әзірленіп, білім беру тапсырысын нақты жоспарлау жүйесі енгізілуде. Бұл кадр даярлаудағы формальдылықтан арылып, еңбек нарығы сұранысына бейімделуге мүмкіндік береді.

Мысалы, су ресурстары мен агроөнеркәсіп бағытындағы жобалар өңірлік ғылымның қолданбалы сипатқа ие бола бастағанын көрсетеді.
Сапар соңында министр студенттермен ашық пікір алмасып, ғылым мен білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылады және жас ізденушілерге бағыт-бағдар берді.

WhatsApp Image 2026-01-20 at 15.56.07.jpeg

WhatsApp Image 2026-01-20 at 15.56.07 (1).jpeg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...