Теңдессіз тәжірибе: Қорқыт ата университетінің студенттері ҚР Ұлттық ғылым академиясының ең жас академигі дәрісін тыңдады
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 21 қаңтар 2026
  • 211

Теңдессіз тәжірибе: Қорқыт ата университетінің студенттері ҚР Ұлттық ғылым академиясының ең жас академигі дәрісін тыңдады

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Қазақстанның жетекші ғалым-математигі, Назарбаев университетінің профессоры, ҚР Ұлттық ғылым академиясының ең жас академигі Сұраған Дөрбетхан студенттерге дәріс оқыды.

Кездесу барысында профессор ежелгі математиканың пайда болу тарихына тоқталып, ата-бабаларымыздың оны тұрмыстық өмірде қолдану тәсілдері жөнінде қызықты деректер келтірді. Сонымен қатар, математиканы физика, химия, биология сияқты өзге ғылымдармен салыстырып, олардың өзара байланысын нақты мысалдармен түсіндірді.  

WhatsApp Image 2026-01-21 at 15.56.58.jpeg

WhatsApp Image 2026-01-21 at 15.58.18.jpeg

Дәріс барысында ғалым өзінің ғылымға келу жолын, бұл салаға деген қызығушылығының қалыптасуын, сондай-ақ білім алу кезеңіндегі қателіктер мен жетістіктерін де бөлісті. 

Кездесудің сұрақ-жауап бөлімінде студенттер белсенділік танытып, өз білім деңгейлері мен пәнге деген қызығушылықтарын көрсетті.

WhatsApp Image 2026-01-21 at 15.57.38.jpeg

WhatsApp Image 2026-01-21 at 15.56.00.jpeg

Профессор студенттерге ғылыммен шұғылдануға, зерттеу дағдыларын дамытуға, ақпаратты сыни тұрғыда саралауға және өз пікірін дәлелді түрде жеткізе білуге шақырды.

Кездесу соңында студенттер профессорға алған тәжірибесі үшін алғыстарын білдірді. Бұл кездесу студенттердің білімге деген жаңа шабыт алуына және қызығушылығын арттыруға серпін берді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...