Әлеуметтік кәсіпкер Эмин Аскеров студенттерге табысқа жетудің жолын айтты
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 21 қаңтар 2026
  • 75

Әлеуметтік кәсіпкер Эмин Аскеров студенттерге табысқа жетудің жолын айтты

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде танымал әлеуметтік кәсіпкер, «Green Tal» әлеуметтік шеберханасы мен Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінің негізін қалаушы Эмин Аскеров студенттермен кездесу өткізіп, мотивациялық дәріс оқыды.  
Шараға Ректордың міндетін атқарушы Дана Абдаршева, университеттің профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты. 
Кездесу барысында Эмин Аскеров әлеуметтік кәсіпкерліктің қоғамдағы маңызы мен оның бизнес пен әлеуметтік жауапкершілікті біріктіретін жаңа бағыт екенін атап өтті. Ол өзінің тәжірибесіне сүйене отырып, «Green Tal» жобасы арқылы мүмкіндігі шектеулі адамдарды, балалар үйінің түлектерін және басқа да әлеуметтік осал топтарды жұмыспен қамтып отырғанын айтты.  

WhatsApp Image 2026-01-21 at 18.27.05 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-01-21 at 18.27.06.jpeg

WhatsApp Image 2026-01-21 at 18.27.05 (2).jpeg

Сонымен қатар, спикер бұл іспен айналысуы кездейсоқ еместігін, себебі өзі әлеуметтік жұмыспен айналысатын отбасыдан шыққанын жеткізді. Эмин Аскеров қазіргі жетістіктеріне жету жолында көптеген қиындықтар мен кедергілерден өткенін, бірақ сол тәжірибелер оның жігерін шыңдап, әлеуметтік кәсіпкерлік жолындағы мақсатына жетелегенін айтты. 
Кездесу барысында ол студенттерге өмірлік және кәсіби мотивация беретін кеңестерімен бөлісті:
«Өз ісіңнің шебері болғың келсе, жылына кемінде 50 кітап оқы. Өзің сүйетін іспен айналыс. Қателік жасаудан және жұрттың пікірінен қорықпа», – деді Эмин Аскеров.

WhatsApp Image 2026-01-21 at 18.27.04 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-01-21 at 18.27.05.jpeg

WhatsApp Image 2026-01-21 at 18.27.03.jpeg

Кездесу соңында Ректордың міндетін атқарушы Дана Абдаршева Эмин Аскеровқа алғысын білдіріп, алдағы уақытта әлеуметтік жұмыс пен инклюзивті кәсіпкерлік бағытында бірлескен бағдарламалар әзірлеу жоспарланып отырғанын айтты. 
Сонымен қатар, университет ұжымы алдағы уақытта да Эмин Аскеровпен тәжірибе алмасу форматындағы кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...