«Тілім – тірегім…» атты жаңа кітаптың тұсаукесері өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 22 қаңтар 2026
  • 248

«Тілім – тірегім…» атты жаңа кітаптың тұсаукесері өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде филология ғылымдарының докторы, профессор Жеңіс Сәдуақасұлының «Тілім – тірегім…» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Іс-шараға Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнура Бурибаева, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, ғалымның достары мен әріптестері, БАҚ өкілдері және студенттер қатысты.

IMGL6575.jpg

IMGL6896.jpg

IMGL6621.jpg

Жаңа жинаққа автордың 2017 жылы жарық көрген «Қазақ тілі мәселелері» атты еңбегіне енбей қалған және кейінгі жылдары түрлі басылым беттерінде жарияланған ғылыми мақалалары мен сұхбаттары, сондай-ақ аға буын ұстаздар мен замандастары жайлы естеліктері енгізілген.

Кітаптың алғашқы бөлімінде қазақ тілінің дәстүрлі салалары мен қазіргі заманғы мәтінтану мәселелері қамтылса, екінші бөлімінде тілші-ғалымның рухани өмірі, ұстаздық жолы және қазақ тілін латын графикасына көшіру жөніндегі жеке көзқарастары көрініс тапқан. Соңғы бөлімде автордың ұстаздары мен әріптестері туралы естеліктері, баяндамалары мен мақалалары топтастырылған.

IMGL6794.jpg

IMGL6653.jpg

IMGL6808.jpg

Тұсаукесер барысында «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, қауымдастырылған профессор, филология ғылымдарының кандидаты Әсия Алмауытова, аға оқытушы, филология ғылымдарының кандидаты Болат Боранбай, профессор, филология ғылымдарының кандидаты Ұлжан Жанбершиева жаңа кітапқа ғылыми-шығармашылық тұрғыдан талдау жасады.

Кітаптың лентасын қию рәсімі Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнура Бурибаева мен доцент, филология ғылымдарының кандидаты Алдажар Абиловқа берілді.

IMGL6966.jpg

IMGL7003.jpg

IMGL6977.jpg

Шараның соңы ұстаздың шәкірттері мен әріптестерінің жылы лебізі мен ұстазға арналған әнімен қорытындыланды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...