Қорқыт ата университетінің студенттері халықаралық білім кеңістігіне қадам басты
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 23 қаңтар 2026
  • 229

Қорқыт ата университетінің студенттері халықаралық білім кеңістігіне қадам басты

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті халықаралық байланыстарды дамыту мен білім алушылардың кәсіби деңгейін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Осы мақсатта университет студенттері 2025–2026 оқу жылының екінші семестрінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелдік жоғары оқу орындарында білім алатын болады.

Бағдарлама студенттерге жаңа ортада тәжірибе жинақтап, шетелдік білім беру жүйесінің ерекшеліктерімен танысуға мүмкіндік береді. Аталған жобаның нәтижесінде Түркия мен Әзірбайжанның беделді университеттеріне 19 студент оқу сапарына аттанады.

Атап айтқанда, Түркия Республикасының Ескишехир Османгази университетінде – 6 студент, Анадолу университетінде – 6 студент, Сельчук университетінде – 3 студент, Анкара музыка және көркем өнерлер университетінде – 1 студент білім алмақ. Ал Әзірбайжан Республикасындағы Әзірбайжан мемлекеттік экономика университетіне – 3 студент жіберіледі.  

WhatsApp Image 2026-01-23 at 10.27.11.jpeg

WhatsApp Image 2026-01-23 at 10.27.11 (1).jpeg

Шетелде білім алуға дайындық кезеңінде университеттің Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Майнура Бурибаева студенттермен арнайы кездесу өткізіп, бағдарлама талаптары мен оқу барысындағы ерекшеліктер жайында кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, академиялық тәртіп, мәдени бейімделу және студенттердің шетелде жүріс-тұрысына қатысты маңызды мәселелер талқыланды. 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен шетелдік серіктес жоғары оқу орындары арасындағы өзара ынтымақтастық болашақ мамандардың кәсіби әлеуетін арттыруға, халықаралық тәжірибе мен жаңа білім көздерін меңгеруге жол ашады.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...