Жеңіс Сәдуақасұлының 80 жылдығына арналған Ғылыми кеңес өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 23 қаңтар 2026
  • 198

Жеңіс Сәдуақасұлының 80 жылдығына арналған Ғылыми кеңес өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде филология ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ы.Алтынсарин», ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгілерінің иегері Жеңіс Сәдуақасұлының 80 жасқа толуына арналған Ғылыми кеңестің салтанатты мәжілісі өтті.
Салтанатты жиынды Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнура Бурибаева ашып, университет ұжымы атынан ғалымды мерейтойымен құттықтап, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің арнайы Ахмет Байтұрсынұлы төсбелгісін табыстады.

WhatsApp Image 2026-01-23 at 15.11.07 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-01-23 at 15.11.01 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-01-23 at 15.11.01.jpeg

WhatsApp Image 2026-01-23 at 15.11.03 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-01-23 at 15.11.04 (1).jpeg

Ғылыми кеңесте филология ғылымдарының кандидаты, тілтанушы ғалым Болат Боранбай Жеңіс Сәдуақасұлының өмірі мен еңбек жолына арналған баяндама жасап, ғалымның қазақ тіл біліміне қосқан зор үлесін атап өтті. Сонымен қатар жиында профессор, техника ғылымдарының докторы Серікбай Қошқаров, филология ғылымдарының кандидаты Ұлжан Жанбершиева және әріптестері мен шәкірттері жылы лебіздерін білдірді.
Шараға «Аманат» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай, университет кәсіподақ ұйымының төрағасы Айтжан Оразбақов, Қызылорда «Болашақ» университетінің Жастар және тәрбие жұмысы жөніндегі департамент басшысы Берік Саймағанбетов, колледж өкілдері, жақындары, достары мен шәкірттері қатысты.

WhatsApp Image 2026-01-23 at 15.11.05.jpeg

WhatsApp Image 2026-01-23 at 15.11.06 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-01-23 at 15.11.06 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-01-23 at 15.11.06.jpeg

WhatsApp Image 2026-01-23 at 15.11.05 (1).jpeg

Сонымен қатар Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Тілдерді оқыту орталығының» директоры Мартана Дәулетова облыс әкімінің атынан Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыс етіп, ғалымға ізгі тілегін білдірді.

Жеңіс Сәдуақасұлы – қазақ тіл білімінің дамуына сүбелі үлес қосқан көрнекті ғалым. Ол 1979 жылдан бастап ғылым мен педагогика саласында абыройлы еңбек етіп келеді. Ғалым 1988 жылы кандидаттық, 1997 жылы докторлық диссертациясын сәтті қорғаған.

WhatsApp Image 2026-01-23 at 15.11.04 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-01-23 at 15.11.04.jpeg

WhatsApp Image 2026-01-23 at 15.11.02 (1).jpeg

Профессор 60-тан астам ғылыми жұмыстар мен диссертацияларға пікір білдіріп, 25 диссертациялық жұмыстың сарапшысы болған. Оның жетекшілігімен бір аспирант кандидаттық, 20-дан астам магистрант өз еңбектерін сәтті қорғап, бүгінде түрлі жоғары оқу орындарында еңбек етуде.
Ғалымның 150-ге жуық ғылыми және әдістемелік еңбектері жарық көрген. Көпжылдық еңбегі мен ғылымға сіңірген зор үлесі үшін ол «Қазақстан Республикасына 10 жыл», «10 жыл Астана», «Қазақстан Республикасының 20 жылдығы», сондай-ақ Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың «Қорқыт Ата» Алтын медалі, «Ахмет Байтұрсынұлы» ордені, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі, «Ана тілі» мәртебелі белгісі сияқты көптеген марапаттарға ие болған.

WhatsApp Image 2026-01-23 at 15.11.03.jpeg

WhatsApp Image 2026-01-23 at 15.11.05 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-01-23 at 15.11.07.jpeg

WhatsApp Image 2026-01-23 at 15.11.07 (2).jpeg

Жеңіс Сәдуақасұлының ғылым мен білім саласына сіңірген еңбегі, қазақ тілін дамытуға қосқан үлесі жас ұрпақ үшін үлкен өнеге. Ғалымның өмір жолы – адалдық пен еңбектің, ұстаздық пен азаматтықтың айқын үлгісі. Қорқыт ата университетінің ұжымы ұстазды мерейлі жасымен шын жүректен құттықтайды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...