Қызылорда облысының хореография саласындағы үздіксіз білім беру жүйесін дамыту бағыттары талқыланды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 23 қаңтар 2026
  • 275

Қызылорда облысының хореография саласындағы үздіксіз білім беру жүйесін дамыту бағыттары талқыланды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Педагогика және дәстүрлі өнер институты, Дәстүрлі музыка өнері және хореография білім беру бағдарламаларының ұйымдастыруымен «Қызылорда облысының хореография саласында үздіксіз білім беру жүйесін дамыту перспективалары» тақырыбында әдістемелік семинар өтті.

Семинардың негізгі мақсаты – кәсіби хореографиялық оқытуда үздіксіз білім беру жүйесін қалыптастырудың ерекшеліктерін айқындап, өңірде бұл бағытты дамыту перспективаларын талқылау болды.

WhatsApp Image 2026-01-23 at 16.39.21.jpeg     WhatsApp Image 2026-01-23 at 16.39.20 (1).jpeg

Шараға білім алушылармен қатар, Қызылорда облыстық білім беру және мәдениет мекемелерінің, әуез және қосымша білім беру ұйымдарының педагог-хореографтары, Қызылорда қалалық Өнер мектебінің оқытушылары, М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі мен Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінің хореография бөлімдерінің оқытушылары қатысты.

Сондай-ақ семинарға Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш және Шиелі аудандарының педагог-хореографтары да қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

WhatsApp Image 2026-01-23 at 16.39.19.jpeg

WhatsApp Image 2026-01-23 at 16.39.201.jpeg

Іс-шара барысында хореография саласында үздіксіз білім беруді жетілдіру жолдары, заманауи оқыту әдістерін енгізу, кәсіби шеберлікті арттыру мен тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.

Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, білім беру жүйесінде хореограф мамандарды даярлаудағы жаңа мүмкіндіктер мен даму бағыттарын қозғады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...