Қорқыт ата университетінде шетелдік студенттермен тренинг өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 23 қаңтар 2026
  • 165

Қорқыт ата университетінде шетелдік студенттермен тренинг өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Психологиялық қолдау орталығы 3-жатақхана тұрғындары мен шетелдік студенттердің қатысуымен “Ұжымдағы қарым-қатынас дағдылары” тақырыбында тренинг өткізді.

Іс-шараның мақсаты – білім алушылар арасында өзара әрекеттестік пен түсіністікті нығайту, ұжымдағы қарым-қатынас барысында туындайтын мәселелерді шешу жолдарын айқындау және тиімді коммуникация дағдыларын дамыту болды.

WhatsApp Image 2026-01-23 at 13.24.54.jpeg

Тренинг барысында студенттер топтық және жеке жаттығулар орындап, түрлі жағдаяттар бойынша пікір алмасып, өзара сенімді қарым-қатынас орнату тәсілдерін тәжірибеде пысықтады. Сонымен қатар, қатысушылар ұжымда позитивті орта қалыптастырудың маңыздылығын түсініп, эмоционалды интеллектіні дамыту бойынша кеңестер алды.

Шара соңында студенттер тренингтен жағымды әсер алып, өз ойларымен бөлісіп, Психологиялық қолдау орталығы мамандарына алғыстарын білдірді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...