Study in Kazakhstan платформасына арналған ақпараттық семинар
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 03 ақпан 2026
  • 172

Study in Kazakhstan платформасына арналған ақпараттық семинар

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ұлттық даму орталығы департаментінің ұйымдастыруымен Study in Kazakhstan платформасына арналған ақпараттық семинар өткізілді.

WhatsApp Image 2026-02-03 at 09.19.07.jpeg

WhatsApp Image 2026-02-03 at 09.19.06 (2).jpeg

Семинар барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына шетелдік студенттерді қабылдау тәртібі жан-жақты түсіндірілді. Шетел азаматтарын қабылдаудың негізгі кезеңдері, құжаттар топтамасына қойылатын талаптар, қабылдау мерзімдері, сондай-ақ Study in Kazakhstan платформасының шетелдік талапкерлерді сүйемелдеу және үйлестіру құралы ретіндегі мүмкіндіктері қарастырылды.

WhatsApp Image 2026-02-03 at 09.19.06 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-02-03 at 09.19.06.jpeg

Іс-шараның жеке бөлімі жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары мен халықаралық бөлімдерінің қызметіне арналды. Талқылау барысында шетелдік студенттермен жұмыс істеу кезінде туындайтын негізгі мәселелер, оның ішінде құжаттарды тексеру қиындығы, тілдік және коммуникациялық кедергілер, сондай-ақ студенттердің білім беру және әлеуметтік-мәдени ортаға бейімделу мәселелері атап өтілді.

Аталған семинар жоғары білім беру жүйесінде шетелдік студенттерді қабылдау және сүйемелдеу тетіктерін жетілдіруге бағытталған кәсіби пікір алмасу алаңы болды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...