Жырмен өрілген тағдыр
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 10 ақпан 2026
  • 84

Жырмен өрілген тағдыр

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде қазақ поэзиясының жарық жұлдызы, лирик ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Жырмен өрілген тағдыр» атты поэзиялық кеш ұйымдастырылды.
Тағылымы терең, рухани мәні зор бұл кеш ұлт поэзиясына деген құрметтің жарқын көрінісіне айналды. 

WhatsApp Image 2026-02-10 at 09.25.25.jpeg

WhatsApp Image 2026-02-10 at 09.25.27.jpeg

WhatsApp Image 2026-02-10 at 09.25.24.jpeg

Шараның басты мақсаты – Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын жастар арасында кеңінен насихаттау, ақын поэзиясы арқылы ұлттық рух пен адамгершілік құндылықтарды дәріптеу. 
Поэзиялық кеш барысында студенттер ұлы ақынның жүрек тербетер өлеңдерін мәнерлеп оқып, әнге айналған жырларын әуелете орындады.
Кеш шымылдығы Мұқағали Мақатаевтың өмір жолы мен шығармашылық мұрасын танытатын қойылыммен ашылды. 

WhatsApp Image 2026-02-10 at 09.25.26 (3).jpeg

WhatsApp Image 2026-02-10 at 09.25.25 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-02-10 at 09.25.26.jpeg

WhatsApp Image 2026-02-10 at 09.25.26 (2).jpeg

Ақынның тағдыры, поэзиядағы қайталанбас қолтаңбасы мен халықпен біте қайнасқан болмысы көрерменге ерекше әсер сыйлады. 
«Жырмен өрілген тағдыр» атты поэзиялық кеш Мұқағали Мақатаев поэзиясының халық жүрегінде мәңгі сақталатынын, ал ақын рухының өлмес мұра екендігін айқын көрсетті.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...