Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – жаңа Қазақстанның негізі
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 10 ақпан 2026
  • 86

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – жаңа Қазақстанның негізі

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – жаңа Қазақстанның негізі” атты танымдық кездесу өтті.
Іс-шараның модераторы университеттің комплаенс офицері Алибек Жаппасбаев алғысөз сөйлеп, өз сөзінде жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

WhatsApp Image 2026-02-10 at 17.26.53 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-02-10 at 17.26.53.jpeg

WhatsApp Image 2026-02-10 at 17.26.51 (1).jpeg

Жиынға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Мирамкүл Бибітова, агенттік қызметкерлері мен студенттер қатысты. 
Кездесу барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңызы мен қоғамдағы парақорлық көріністерінің алдын алу жолдары жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. 
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметке орналасу тәртібіне енгізіліп жатқан жаңа өзгерістер талқыланды. 

WhatsApp Image 2026-02-10 at 17.26.54 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-02-10 at 17.26.50.jpeg

WhatsApp Image 2026-02-10 at 17.26.51.jpeg

Мирамкүл Бибітова өз сөзінде сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына тигізер кері әсерін атап өтіп, жастарды адалдық пен әділдік құндылықтарын ұстануға шақырды. 
Шара соңында студенттер мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы кеңінен мағлұмат алды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...