Қорқыт ата университетінде Индонезия делегациясымен кездесу өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 11 ақпан 2026
  • 84

Қорқыт ата университетінде Индонезия делегациясымен кездесу өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне Индонезия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мохамад Фаджрул Рахман бастаған делегация келді.
Кездесу барысында Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнура Бурибаева университеттің тарихы, құрылымы мен халықаралық байланыстар бағытындағы жетістіктері жайында жан-жақты ақпарат берді.

WhatsApp Image 2026-02-11 at 17.50.10.jpeg

WhatsApp Image 2026-02-11 at 17.50.08 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-02-11 at 17.50.09.jpeg

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайту, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын дамыту, сондай-ақ алдағы уақыттағы ортақ жобалар мен серіктестік бағыттарын айқындау мәселелерін талқылады. 
Қазіргі таңда университет Индонезия Республикасының екі жоғары оқу орнымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған. Кездесу барысында тараптар алдағы уақытта тағы да бірқатар индонезиялық университеттермен әріптестік байланыс орнату жөнінде пікір алмасты.

WhatsApp Image 2026-02-11 at 17.50.13.jpeg

WhatsApp Image 2026-02-11 at 17.50.15 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-02-11 at 17.50.16.jpeg

WhatsApp Image 2026-02-11 at 17.50.15.jpeg

WhatsApp Image 2026-02-11 at 17.50.14.jpeg

Шара аясында Елші Мохамад Фаджрул Рахман студенттерге арналған дәріс оқыды. Ол өз сөзінде Индонезияның сыртқы саясаты, дипломатиясы және туризм саласындағы тәжірибесіне тоқталып, екі ел арасындағы мәдени және білім саласындағы байланыстардың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу соңы студенттермен еркін форматтағы сұрақ-жауап және пікірталас ойындарымен жалғасты. Дұрыс жауап берген студенттерге Елшілік тарапынан естелік сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар делегация мүшелері индонезиялық би билеп, ұлттық өнерлерін көрсетті.

WhatsApp Image 2026-02-11 at 17.50.12 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-02-11 at 17.50.08.jpeg

WhatsApp Image 2026-02-11 at 17.50.15 (2).jpeg

Бұл кездесу Қорқыт ата университеті мен Индонезия Республикасының жоғары оқу орындары арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып, халықаралық ынтымақтастық аясын кеңейтуге бағытталған маңызды қадам болды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...